• USD 378.65
  • EUR 430.07
  • RUB 6
  • CNY 55.1
15 Қыркүйек, 15:51:07
Арыстағы әскери қоймада тағы жарылыс болды

16 Қаңтар, 2019

Репин суретін салған адамдар неге өле берген?

Суретші картиналары адам өміріне түрліше әсер етеді.

 Ертеде өмір сүрген бір данышпанның: «Суретшінің қылқаламынан қорық – оның портреті түпнұсқаға қарағанда тірі болып шығуы мүмкін» деген сөзі бар. Соның нақты мысалы орыстың ұлы суретшісі Илья Репинге қатысты. Ол суретін салған адамның бәрі көп ұзамай өліп қалып отырған.

         Суретшінің «құрбандықтарының» қатарында Мусоргский, Писемский, Пирогов, итальяндық актер Мерси д Аржанто бар. Атақты ақын Феодор Тютчевтің суретін салуға Репин қинала-қинала барған екен, ақын содан кейін көпке ұзамапты. Әрине, әлгілердің ажалының әр түрлі себептері бар шығар, бірақ тура келген сәйкестікті айтсаңызшы…

         Суретшінің «Иван Грозный өзінің ұлын өлтіруде» картинасына бір үңіліп көріңіз. Қандай еркі мықты адам болса да, оның жүйкесіне әсер етпей тұрмайды: адам жанын қиюдың өте-мөте дәлдікпен суреттелгені соншалық, төгілген қаннан кәдімгі тірі қанның иісі шығатындай... 

         Осы полотно Третьяков галереясына қойылғанда, келушілердің көбісі таңқаларлық қылық көрсеткен. Кейбіреулер еңіреп жылап жіберген, кейбіреулердің қояншығы ұстап қалған. 1913 жылы Абрам Балашов деген адам  картинаны пышақпен тіліп кеткен. Оны жындыханаға жіберіп, сонда өлген. Картина қайта қалпына келтірілген. 

Репин

         Репиннің өзі Иван Грозный туралы картинасын салар кезде көп қиналған. Ол тегін емес. Репин қаһарлы патшаның образын суретші Мясоедовке қарап отырып салған. Мясоедовтің түр-келбеті өте суық, бетіне түгі шығып тұрған адам болған. «Иван Грозный өзінің ұлын өлтіруде» картинасы жазылып болғаннан кейін, әлгі Мясоедов, қатты ашудың үстінде өзінің Иван есімді кішкентай ұлын (оның да аты өлтірілген ханзада Иванмен бірдей) өлтіріп қоя жаздаған. Ал Репин Иван Грозныйдың өлгелі жатқан баласын өзінің досы, әдебиетші Всеволод Гаршинге қарап салған. Осы Гаршин әлгі картинадағы «өзіне» көп үңіліп жүріп, ақыры ақылынан айырылып, өзін -өзі өлтірген.

         Ал Енді "Иван Грозныйдың өз ұлын өлтіргені тарихта расымен болған ба?" дегенге келелік. Ешқандай жылнамада оның мұрагерін өз қолымен өлтіргені тікелей айтылмайды. Соған қарағанда аңыз да болуы мүмкін. Өткен ғасырдың 60-жылдарында қаһарлы Иван мен оның ұлының қабірі ашылып, тексеру жүргізілген. Ханзаданың бас сүйегінде ешқандай суық қарудың ізі болмаған, сүйегінен удың ізі табылған, соған қарағанда уланып өлгенге ұқсайды.

         Бірде Репинге «Мемлекеттік кеңестің салтанатты мәжілісі» атты алып монументальды полотноға тапсырыс беріледі. Картина 1903 жылдың аяғында салынып бітеді. 1905 жылы бірінші орыс революциясы бұрқ ете қалып, полотнода бейнеленген мемлекеттік шенеуніктер бастарынан айырылады. Жартысы өліп, жартысы атағы мен тағынан айырылады. Өлгендердің ішінде министр Плеве мен Мәскеудің генерал-губернаторы Сергей Александрович те бар.

1909 жылы суретші Репин Саратов қалалық Думасының тапсырмасымен премьер-министр Столыпиннің портретін сызбақ болады. Жұмысқа кіріскені сол екен,  Столыпин Киевте атылып өледі.

Бір қызығы, Репин 1891 жылы ұлы жазушы Лев Толстойдың да портретін салған екен. Бірақ Арыстан атаға «қырып салғыш»  күші жетпеді ме, Толстой одан кейін де жиырма жылдай өмір сүріпті.

Жалпы, әлемде алты бірдей аты аңызға айналған суретшінің картиналары адам өміріне әрқалай ықпал ете алады делінеді.

Олардың біріншісі, әрине, Леонардо да Винчидің «Джокондасы». Құпия жымиыстағы сұлу әйел көп қараған адамның күш-қуатын алып қояды екен. «Моно Лизаның» алдында есінен танып, құлап қалған адамдар көп. Музей қызметкерлерінің байқауынша, залға адам келмеген кезде аталмыш картина көмескіленіп, адамдар көруге келе бастағанда айқындалып, ажарланып сала береді екен.

Ресейдегі «қарғыс атқан» шедеврдің бірі – Мария Лопухинаның портреті. Суретте ақсүйек Иван Лопухиннің жастай қайтыс болған қызы бейнеленген. "Жас қыздар осы картинаға үңіліп қараса, көп ұзамай өледі" деген сыбыс Пушкин заманынан бері айтылып келеді. Картинаны ешкім сатып алмаған.

1880 жылы полотноны атақты меценат Третьяков сатып алып, галереяға қойған соң барып әлгі сыбыстың өршуі саябырсыған. 

Мұншалықты «қырып салғыш» энергетиканың бәрі неден – суретшілердің керемет таланттылығынан ба, әлде...

 

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір