• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 19:49:03
Алматы
+35°

16 Қаңтар, 2019 Оқиғалар

Бақытты өмірді зерттеген танымал психологтың "бақытсыз" өлімі

Әрине, кәсіпкер әйелі Карнегидің атағына нұқсан келгенін қаламағаннан ба, жоқ отбасылық бизнестің бұзылуынан қорықты ма, белгісіз?

Танымал америкалық педагог, жазушы, оратор-мотиватор – Дейл Карнегидің адам психологиясын танып-білуге арналған кітаптарының мазмұны өз өзектілігін жоймай келеді. Психологиялық курстардың негізін қалаған, пікір қайшылығын дұрыс пайдаланудың қағидасы мен қызметті сүюдің сырлары жайлы "Танымал адамдар жайлы жасырын деректер", "Дос табудың жолдары мен адамдарға әсер ету өнері", "Отбасылық бақыттың құпиясы" атты еңбектері бүгінде миллиондаған тиражбен әлемнің әртүрлі тілдеріне аударылды. Алайда бақытты болу мен тіл табысудың теориясын жасаған психологтың өлімі туралы жалған пікірлер өте көп кездеседі. Qamshy.kz ақпарат агенттігі оқырман назарына Дейл Карнегидің өмірі жайлы деректерді ұсынады.

Дейл Карнеги ет, сабын, май сатып ұстаз болғысы келді

Дейл Карнеги 1888 жылы 24 қарашада Миссури штатында кедей шаруаның отбасында дүниеге келген. Ол – Джеймс Вильям Карнаги мен Аманда Элизабет Харбисонның отбасындағы екінші ұл. Карнаги отбасы 1904 жылы Миссуриден Уорренсбергке көшіп барады. 16 жастағы Дейл күнделікті таңғы сағат 04:00-де сиыр сауып, одан кейінгі уақытында Уорренсберг педагогикалық колледжінен тегін білім алып жүрген. 1908 жылы латын тілінен сынақ тапсырмағаны үшін колледжден кетеді. Дейл Карнеги сол кезде "педагог болмаймын" деп шешім қабылдайды.  Бірақ колледжден кейін шағын қалашықтағы фермерлерге арнап курс өткізеді. Кейіннен сол уақыттағы танымал "Armour & Company" компаниясы үшін ет, сабын, май сияқты өнімдерді сатумен айналысып, 500 доллар қаржы жинап, өзінің "ұстаз боламын" деген арманын орындағысы келеді.

Дейл Карнаги атақты болу үшін тегін өзгерткен

1922 жылы Дейл өзінің негізгі тегі Карнагиді Карнегиге ауыстырады. Бұл қадамға ол өзін жарнамалау үшін барған. Себебі, сол уақытта бүкіл жұртшылыққа Эндрю Карнеги деген атақты миллионердің есімі танымал болатын. Дейл Карнеги өз кітаптарында да осы миллионердің өмірі мен есімін мысал ретінде жиі жазады.

Дейл Карнеги киноға түскен

1947 жылы режиссер Эдвард Клайнның комедиялық «Jiggs and Maggie in Society» атты фильмінде Дейл Карнеги өзін- өзі сомдайды.

Карнегидің танымал болуына зайыбы тікелей әсер еткен

Дейл Карнеги екі рет үйленген. Оның екінші жары – табысты кәсіпкер болған. Соның арқасында Карнеги көпшілікке танылады. Әйелі Карнегиге моральдық тұрғыдан да, материалдық жағынан да үлкен демеу көрсеткен.

Карнегидің қайтыс болуы туралы қай ақпарат шындыққа жанасады?

Ғаламторда Карнегидің өлімі туралы әртүрлі жалған ақпараттар жүр. Кейбір деректерге сүйенсек, ол өз-өзіне қол жұмсаған.  Алайда, мұндай ақпараттың тарауына Ирвинг Тресслердің пародиялық шығармасы себеп болған. Ирвинг Тресслер Карнегидің кітабы туралы жазған, шын мәнінде, өз-өзіне қол жұмсаған Карнеги емес Тресслер болатын.

Ал Дейл Карнеги өмірінің соңғы уақытында "ходжкин" ауруына шалдыққан. Бұл аурудың белгілері бойынша науқастың ішкі және сыртқа құрылысында өзгеріс пайда болып, вирустық бөртпелер мен жөтелге ұласады. Сондықтан, мұндай ауруға шалдыққан науқастарды басқа адамдардан оқшау ұстаған. Көпшілікке танылған тұлға үшін өзгелерден тығылып өмір сүру өте қиын болды. Сырқатының салдарынан көп қиналған Карнеги өзін-өзі атып жібереді. Сол уақытта бөлек тұрған әйелі оның өлімін көпшілікке жария қылмас үшін, жерлеу рәсімін де тек жақындарының арасында өткізеді.. Полицияның есебінде де нақты деректер көрсетілмеген, өлімнің құпиясы толық жазылмаған. Карнегидің әйелі не үшін мұндай қадамға барды?  Күйеуінің атағына нұқсан келгенін қаламағандықтан ба немесе отбасылық бизнестің бұзылуынан қорықты ма, белгісіз...

Балжан Халық

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір