• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 15:54:45
Алматы
+35°

29 Сәуір, 2015 NEWS

Астанада Нұрсұлтан Назарбаевты салтанатты ұлықтау рәсімі өтті

Бүгін Астанадағы Тәуелсіздік сарайында ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевты салтанатты ұлықтау рәсімі өтті. 26 сәуір күні өткен сайлау қорытындысы бойынша қазіргі...

Бүгін Астанадағы Тәуелсіздік сарайында ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевты салтанатты ұлықтау рәсімі өтті. 26 сәуір күні өткен сайлау қорытындысы бойынша қазіргі президентіміз 97.7% дауыспен жеңіске жеткен болатын. Бұл президенттің ширек ғасырдағы бесінші жеңісі.

Салтанатты ұлықтау рәсімі түскі сағат 11.00 басталды.

Сайлау орталығы комитетінің басшысы Қуандық Тұрғанқұлов президент куәлігін табыстаған соң, Н.Ә. Назарбаев кезекті рет ҚР Президенті атанды.

Президент жаңа тағайындауындағы бірінші кездесуінде сайлау алдында айтылған бағдарламасы – 5 реформаны іске асыруда 100 қадам бағдарламасын ұсынатынын айтты. Алғашқы 5-10 жылда жүзеге асатын реформаға

  • Мемлекеттік қызметті жүйелеу;
  • Әділ сот жүйесі арқылы бизнес-климатты нығайту;
  • Индустриализация арқылы экономикалық өсуге қол жеткізу;
  • Қоғамымыздың әртүрлігіне қарамастан бір мақсатта алға жылжу;
  • Қауіпсіздік, инклюзивті модернизация арқылы елді биікке өрлеу жоспары кіретінін айтты.

«Біз халықтық ркформаны жүзеге асырып, қуаты мол мемелекетке айналамыз», - деген сеніммен өз батасын берді.

Bilal Quanysh

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір