• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 11:26:42
Алматы
+35°

Бүкіл қазақ Ыстамбұлға қарап тілеуіңізді тілеп еді. Әппақ ақ періштенің тез арада сауығып, ойнап кетуін тілеп едік. Өкінішті! Амал жоқ. егілеміз.

Бар қазақтың мұңын жоқтаған азамат Абзалға халқының ризашылығы шексіз еді. Ұлт үшін ұтымды тірлік істеген тұлғаға алғыстан басқа айтарымыз жоқ еді.

Қан жылаған талай қандастарымызға қанатыңмен су септің. Қол үшін бердің. Көмектестің. Араша болдың.

Тіл үшін тірлік кештің, Тірестің. Күрестің, Қазақтың тілін пұшайман халге түсірген жоқсың. Біз соған қуандық, Қорғаушымыз болдың. Сені арқа тұттық. Арқаландық. Ұлттың тілін парықсыздардан парасатты түрде қорғадың.

Періште жүрегі тоқтады. Өкініш біздің де өзегімізді өртеп барады. Алланың ісіне амал бар ма? Қазағың сүйген есіл ерсің ғой. Бекем болыңыз.

...Періштенің жаны пейіште болсын!

Qamshy.kz ақпарат агенттігі Абзал Құспан мен оның отбасына, ағайын- туыстарына  қатты қайғырып көңіл айтады.

Берік Бейсенұлы

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір