• USD 378.65
  • EUR 430.07
  • RUB 6
  • CNY 55.1
19 Тамыз, 15:50:25
Әкімдік қызметкерлері мен БАҚ өкілдері арасындағы аладоп аламаны

18 Қаңтар, 2019

Баланың көз жасына тұнған "қарғыс атқан" картинаның кандай құпиясы бар?

Әкесінің әрекетінен қатты қиналған сәби, жылап тұрып: "Өзің бірге өртеніп кет!" деп қарғыстайды. Оның қарғысы өз иесін табады.

Әлемде әртүрлі құпия сырға толы әдеби туындылар мен картиналар баршылық. Олардың кейбірінің бойына бүгіп жатқан сыры жантүршігерлік оқиғалармен байланысты болса, енді бірі өз иесіне қарғыс әкелетін туындылар ретінде танылған. Көпшілік мұндай күштің барына сенсе, кейбіреулер жай ғана сәйкестік деп қарайды. Qamshy.kz ақпарат агенттігі осындай мистикалық оқиғаларға негіз болған, ешбір адамды бей-жай қалдырмайтын атақты туындылардың бірі "Баланың көз жасы" картинасы жайында деректер ұсынады.

"Баланың көз жасы" – итальяндық суретші Джованни Браголинның картинасы. Ол сондай-ақ, Бруно Амадио деген атпен де танымал. Ал оның туындысының өз "тағдыры" бар. Картинаға көз салған адам оған  бей-жай қарай алмайды.  Себебі картинадағы баланың көзінен аққан тамшы жас әлі құрғамағандай әсер қалдырады. Бұл картинаны әйгілі еткен – оның негізінде жатқан шынайы әрі жантүршігерлік оқиға. Теңдессіз туынды жасауды армандаған Джованни Браголин баласының тағдырын құрбан етуге дейін барған.

джованни

Ал Бруно Амадио Венеция қаласында дүниеге келген. Сурет салуға құлшынысы ерте жасынан-ақ байқалған. Оның картиналары күнделікті өмірдің көрінісінен алынатын, гүлдер, балалар және шынайы тарихи оқиғалар тақырыбына негізделген. Алайда, оны әйгілі еткен туындыға халық арасында "Қарғыс атқан картина" деген ат қойылған. "Сурет қандай үйге тап болса, сол үйдің өртенуіне себеп болады" деген наным қалыптасқан.

Өткен ғасырдың 80-жылдары "The Sun" басылымы оқырмандарды кері байланыс орнату мақсатында редакцияға әртүрлі оқиғалармен бөлісіп, хат жазысуға шақырады.  4 қыркүйек 1985 жылы газет бетінде өрт сөндіру қызметінде жұмыс істейтін Рона Питер Халлдың басынан өткен оқиғасын жазған хаты негізінде "Blazing Curse of the Crying Boy" деген тақырыппен мақала жарық көреді. Онда "Баланың көз жасы" картинасының отқа жанбайтындығы жайлы, оны сатып алған адамдарға қарғыс әкелетіндігі туралы айтылады. Басылым зерттеу нәтижесінде бұл картинанының қайта басылып шыққан 50 000 данасы сатылымда екенін анықтайды. Мақала жарық көрген күннің ертесінде-ақ, аталған картинадан зардап шеккендердің жазған хаттары редакцияға ағыла бастайды.  Бәрінің мазмұны ұқсас: картинаны сатып алған адамдардың үйінде өрт болады. Бір таңқаларлығы, "Баланың көз жасы" картинасына ғана от тимейді екен. Тіпті, оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер де бұл ақпаратты растаған. Мұнан соң журналистер  мистикаға толы мұндай туындының астарында қандай шынайы оқиға жатқандығын анықтауға кіріседі.Сөйтсе...

Суретші Джованни Браголин балалар эмоциясын барынша көрсететін шынайы туынды салуды армандайды екен. Кезекті картинасының кейіпкерін алыстан іздемеген ол өзінің 4-5 жас шамасындағы ұлының бейнесін салуды көздейді. Ол дұрыстап жылай алмаған баланың шынайы көз жасын көрсетудің қатыгездікке толы жолын таңдайды. Суретші  баласының туғаннан оттан қатты қорқатындығын жақсы білетін. Шырпыны тұтатып, ол баланың бетіне әдейі жақындатып зәресін алады. Қатты қорыққаннан сәби еңіреп қоя береді. Суретшінің күткені де осы еді. Қолына қылқаламын алып, картинаны салуға кіріседі. Бала тынышталып, жылағаны басылған сәтте, бар қиялы бояуға кеткен шебер қатыгездік әрекетін тағы қайталайды. Осылайша, картина біткенге дейін бала көз жасын құрғатпаған. Шошып жылай бергеннен баланың жүйкесіне зиян келіп, ол психикалық ауруға шалдығады. Әкесінің әрекетінен қатты қиналған сәби жылап тұрып: "Өзің бірге өртеніп кет!" деп қарғыс айтады. Бала көп ұзамай көз жұмады. Алайда, оның қарғысы да өз иесін табады. Туынды үшін баласының өмірін құрбан еткен Джованни Браголиннің үйінен от шығып, өзі де бірге өртеніп күлге айналады. Өртті сөндіргеннен кейін күлдің арасынан еш жері бүлінбеген әлгі картина табылады. Суретші қайтыс болғанға дейін жақын досына картинаны қандай жағдайда салғанын баяндап берген екен. Қысқасы, сәбидің көз жасына тұнған картинаға одан кейін де ешқандай өрт тимейтін болған. Тіпті, көшірмелерінің өзінде де баланың көз жасы жібермейтін қарғыс бар екен. Картинаға көз жүгіртсек, періштенің бейнесінен қатыгездікке толы тағдырын оқығандай боласың. Сонымен қатар, бұл әлемге мейірім мен қайырымдылықтық да қаншалықты керек екенін де түсінесің...

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір