• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 16:09:58
Алматы
+35°

 Қилы-қилы заман болар,
Қарағай басын шортан шалар.
Аллаға безіп, адам қор болар,
Табынғандары ғаламтор болар. 
Көргені Дресс код болар, 
Ергені флеш моб болар. (Мөңке би айтқысы келген, бірақ айтпаған)
***
Он жылда не өзгерді? Білемісіз? 
Үдеріс байқаймысыз үнемі сіз?
"Өлсем орным қара жер, сыз" деуші еді, 
Бұл күнде тірілердің жүрегі сыз.
***
Он жылда Анамыздың тілі өзгерді, 
Жасанды әншілердің үні өзгерді. 
Еркекке сырға тағып, шашын бояп, 
Шығардық төрімізге кіл ездерді. 
***
Он жылда атамыздың діні өзгерді,
Өйткені, құлшылықтың түрі өзгерді. 
Алла деп "Крещениеде" суға түскен,
Мұсылманға мұнафиқ мінез келді.
***
Он жылда қыз өзгерді, ұл өзгерді,
Бас әрпі Милицияның П -ға өзгерді. 
Пенисін тежемейтін педофил мен, 
Денисін өлтіргенді бұ көз көрді.
***
Ботекспен ессіз қыздың еріні өсті, 
Жасанды силиконмен желін өсті.
Келіннің сәукелесі мазақ болып, 
Қазақтың сағы сынып, көңілі өшті. 
***
Ұмытып бабасының айран, құртын,
Талайлар салт-санадан тайған бұл күн. 
Желіге онжылдығын жарыса сап, 
Желігіп жатқан менің, қайран жұртым...

Balgynbek Imashұлының фейсбук парақшасынан
"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір