• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 11:45:57
Алматы
+35°

22 Қаңтар, 2019 Саясат

Беларусь оппозициясы: Ресей бізді жұтып қояды

Мұндай қадам орын алған жағдайда Ресей Белоруссияны жұтып қояды.

ТМД кеңістігі анда-санда толқып қояды. Кеше Әзербайжанда наразылық шарасы өтті. 10 мыңдаған адам көшеге шықты. Талап – біреу, билікті сынаған блогер 26 жастағы Мехман Гусейновты бостандыққа шығару. Осыған қатысты  26 қаңтар күні әзербайжандар тағы да алаңға шықпақ. Бүгін..

Беларусь оппозициясы көшеге шықпаса да, ел президенті Александр Лукашенкоға талап қойды. «Грамада» оппозициялық демократиялық партиясының төрағасы Игорь Борисов Ресеймен одақтық келісімшартты біржола үзуді талап етті. Мұның себебі неде? Оппозиция лидерінің айтуынша, "мұндай қадам орын алған жағдайда Ресей бізді жұтып қояды".

"Ресеймен біріксек, тәуелсіздігімізді жоямыз" деп жүрген оппозиция лидері Игорь Борисов "орыстармен одақтық келісімшарттың түкке керегі жоқ" деп есептейді.

–Жер аумағы жағынан Белоруссиядан 82 есе үлкен, халқының саны жөнінен 15 есе, ал жалпы ішкі өнімі тұрғысынан 27 есе үлкен Ресеймен одақтық келісімшарт жасау мүмкін емес. Мұндай жағдайда біз егемендігіміз бен тәуелсіздігімізден мүлде айрыламыз,–дейді «Грамада» оппозициялық демократиялық партиясының төрағасы Игорь Борисов.

Игорь Борисовтың пікіріне сенсек, одақтық келісімшарт беларусь ұлтының мүддесіне, ел Конституциясының бірқатар баптарына қайшы келеді. Мұндай жағдайда біріккен мемлекеттік басқару құрылымдарын, бірыңғай әскери қарулы күштер мен ортақ валюта құру мүмкін емес.  Оның үстіне Беларусь пен Ресей арасында даулы территориялар бар. Мұның барлығы түйінді күйінде қалып отыр. Оны да тезірек шешу керек, әйтпесе, Украинадағыдай жағдай орын алады».

Ақиқатын айтар болсақ, елдің бірқатар оппозициялық белсенділері Беларусь мемлекетінің Ресеймен емес, еуропалық бағыт алғанын қалап отыр. Бірақ олар ЕуроОдаққа кіруді Украинадағыдай біржақты сипатта емес, эволюциялық  жолмен біртіндеп шешуді қарастырып жатқан секілді.

Берік Бейсенұлы

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір