• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 12:30:46
Алматы
+35°

23 Қаңтар, 2019

Оқушылардың жағдайы қалыпты, іс қатаң бақылауға алынды

Оқиға қаламыздағы мектептің 9-сынып оқушылары арасында сабақтан тыс уақытта өткен

Осыдан бірнеше сағат бұрын әлеуметтік желіде әлімжеттік жасаған оқушылар туралы бейнекөрініс тарағаны белгілі. Осыған байланысты Түркістан қаласындағы мектеп оқушыларының әлімжеттік мәселелері бойынша  қалалық білім бөлімі арнайы брифинг өткізді. Аталмыш брифингке Түркістан қалалық білім бөлімінің басшысы Ақмарал Батырбекова, облыстық Ішкі істер департаменті тергеу бөлімінің басшысы Болат Елмұрзаев және қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Жарқынбек Құлбайымбетов қатысты. Бұл туралы Түркістан қалалық әкімінің баспасөз қызметі ақпарат таратты.
–Бүгін әлеуметтік желіде тараған мектеп оқушыларының арасындағы әлімжеттік барлығымыз үшін күтпеген жағдай болып отыр. Төбелеске қатысушылары толық анықталып, полиция тарапынан тергеу жұмыстары басталып кетті. Оқиға қаламыздағы мектептің 9-сынып оқушылары арасында сабақтан тыс уақытта өткен. Яғни кешкі сағат 17:00-лер шамасында орын алып отыр. Орынсыз жайдың алдын алуға жұмыс жасамаған адамдардың тәртіптік жауапкершілігі қаралады. Тергеу барысында ата-аналардың, мектеп басшыларының және ювеналды полиция тобының жауапкершіліктері қаралуда, –деді Ақмарал Батырбекова. 
Аталған жайт, облыстық білім басқармасының, облыстық Полиция департаментінің қатаң бақылауында.
­–Қазіргі таңда Түркістан қалалық полиция басқармасы, қалалық білім бөлімі Түркістан қаласының үш мектебінің 9-сынып оқушылары арасындағы құқықбұзушылық әрекеттер жасағанын анықтап, тергеу жұмыстары жүргізілуде. Мән-жайы қосымша хабарланады. Бұл іске байланысты жәбірленушілердің денсаулықтары қалыпты, сабаққа тұрақты қатысуда, –деп хабарлады Түркістан қалалық әкімінің баспасөз қызметі.

Сонымен қатар, әкімшілктің баспасөз қызметі «Құқықбұзушылыққа қатысты қозғалған істі Түркістан облыстық ішкі істер департаменті тікелей өзіне алды. Жауапкершіліктен мектеп, мекеме жетекшілері және ата-аналар да тыс қалмайды. Бастысы күш қолданылған оқушылар дін аман, сабаққа қатысуда.  Қатыгездікті көрсететін мұндай видеоларды таратпағандарыңыз орынды болады» деген ақпарат таратты.

Бұл оқиғаға қатысты Ішкі істер министрлігі де жауап қатты.

–«Бұзақылық әрекетке қатысушыларының барлығы анықталды. Қазіргі уақытта ҚР ҚК 293-бабы 2- тармағында қарастырылған қылмыс белгілері бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде", - деді Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі.

Берік Бейсенұлы

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір