• USD 383.43
  • EUR 429.83
  • RUB 5.96
  • CNY 55.39

23 Қаңтар, 2019 NEWS

Алматыда медицина, фармацевтика саласы бойынша отырыс өтеді

Елбасы Жолдауында Қазақстан халқына бірінші кезектегі міндет - ұлттың бәсекеге қабілеттілік факторы ретінде білім деңгейін арттыру болып табылады

Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың Жолдауында Қазақстан халқына бірінші кезектегі міндет - ұлттың бәсекеге қабілеттілік факторы ретінде білім деңгейін арттыру болып табылады. Сондықтан, бүгінгі таңда қазіргі заманғы талаптарға және әлемдік стандарттарға сәйкес келетін ұлттық білім беру жүйесін құрудың маңызды проблемасы қойылып отыр.

Қазіргі Денсаулық сақтау жүйесінде мейіргер ісі мамандары Денсаулық сақтау қызметтерінде қоғамды қанағаттандыру үшін маңызды кадрлық ресурстары мен нақты мүмкіндіктері бар маңызды құрамдас бөлігі болып қалады.

Қазақстан Республиксы Денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған "Денсаулық" мемлекеттік бағдарламасына сәйкес, сондай-ақ 2019 жылға дейін ҚР-да мейіргер ісін дамытудың Кешенді жоспарын іске асыру шеңберінде Мейіргер ісі мамандарын даярлауды жетілдіру, мейіргерлердің рөлін күшейту, оларға бірқатар өкілеттіктер беру, халықаралық стандарттарға бағытталған мейіргерлік қызметтегі мамандарды даярлауға қойылатын талаптарды арттыру бойынша шаралар кешенін өткізу көзделген.

2019 жылғы 25 қаңтарда "Медицина, фармацевтика" бейіні бойынша оқу - әдістемелік бірлестігінің "Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беруді жетілдірудің жаңа тәсілдері" мәселесі бойынша отырысы өткізіледі.

Оқу-әдістемелік бірлестіктің отырысында орта медициналық және фармацевтикалық білім беруді дамыту болашағы, 2019-2024 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау саласындағы адами капиталды дамыту концепциясы жобасы, "Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беруді жаңғырту" жобасын жүзеге асыру Жол картасы жөнінде талқылау және пікір алмасу жоспарлануда. Модульдік - құзыреттілік тәсіл негізінде техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бойынша оқу жоспарлары мен бағдарламаларын әзірлеуге жаңа тәсілдерді қалыптастыру, оқытудың кредиттік технологиясын енгізу және "World skills" халықаралық чемпионаты туралы.

Оқу - әдістемелік бірлестік отырысының жұмысына ҚР Денсаулық сақтау министрі м.ғ. д., профессор Біртанов Елжан Амантайұлы, ҚР Денсаулық сақтау министрінің Кеңесшісі, м. ғ. к., Сыдыкова Сауле Ілиясқызы, ҚР ДСМ Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығының медициналық білім беруді дамыту бөлімінің басшысы, м. ғ. к., Байғожина Зауре Алпановна, "Кәсіпқор" Холдингі ҮЕАҚ, п. ғ. к., Далабаев Жанат Қуанышұлы, Алматы қаласының мейіргерлер қауымдастығының өкілдері, Қазақстанның 70  медициналық колледждерінің директорлары қатысты.

Министр өз сөзінде Қазақстан үшін БМСК жетілдіру денсаулық сақтауды дамыту мен реформалаудағы басты бағыттардың бірі болып табылатынын және ол өз кезегінде техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беруді жаңғыртуға қойылатын жаңа талаптарды айқындайды. Денсаулық сақтау жүйесін жаңғырту ПОҚ және клиникалық базалардың медициналық кадрларының кәсіби деңгейіне, сондай-ақ білім беру ұйымдарының практикалық базалармен өзара қатынастарына байланысты мейіргерлер қызметкерлерін даярлаудың жаңа тәсілдерін талап етеді.

Оқу - әдістемелік бірлестік отырысының қорытындысы бойынша халықаралық деңгейге бағытталған Қазақстан Республикасында мейіргерлік қызметті одан әрі дамытуға бағытталған хаттамалық шешім дайындалады.

2019 жылы 26 қаңтарда "Қазақстанның медициналық колледждері одағы" ЗТБ мен білім беру және денсаулық сақтау сапасын қамтамасыз ету және аккредиттеу орталығы ынтымақтастығы туралы Меморандумды іске асыру шеңберінде мейіргерлік білім беруді аккредиттеу бойынша сарапшыларды оқыту семинары өткізіледі, оған Қазақстанның мемлекеттік және мемлекеттік емес медициналық колледждерінің директорлары қатысады.

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

0 пікір