• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 22:34:21
Алматы
+35°

Каракаста әлі толқу жалғасып жатыр. Шиеленіскен жағдайдың қалай аяқталарын әлі ешкім білмейді. Бір елде  – екі президент.

Оппозиция өкілі, Ұлттық Ассамблеяның басшысы Гуайдоны АҚШ, Аргентина, Парагвай, Колумбия, Бразилия, Канада, Перу, Чили, Эквадор, Коста-Рика,  Грузия және бірқатар Еуропа елдері мойындады. 
Ал  Уругвай, Боливия, Мексика, Қытай, Түркия, Иран, Сальвадор, Куба және Ресей бұрынғы сайланған басшы Николас Модуроны президент ретінде танып отыр.

Кеше АҚШ ашық қолдап отырған кандидат Гуайдо «Вашинтонға жасырын барып қайтты» деген ақпарат шықты.

Николас Модуро өзін екінші президент ретінде жариялаған Гуайдоны жеке кездесуге шақырды.  Бірақ ол кездесуге  бара қояды деу қиын.

Англияның бірқатар банкі елде сақталған Модуроның 1,2 миллион доллар алтын құймаларын беруден бас тартты. Енді дүние жүзінде басқа мемлекеттерде тығылған Модуроның байлығы бұғатталатын шығар.

Бірақ журналистердің алдында баспасөз мәслихатын өткізген Модуро Конституцияның әр баптарына тоқталып, өзін елдің президенті екенін тағы шегелеп айтты.

Әзірге армия мен полиция – Николас Модуроның жағында.

Кеше Reuters ақпарат агенттігі Ресей «әлемнің «ыстық нүктелерінде» жүрген орыстың 400 жалдамалы жендетін  Модуроны қорғау үшін Венесуэлаға жіберді» деген ақпарат таратты. Алайда Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков мұны жоққа шығарды. Бірақ бірқатар батыс баспасөзі бұл ақпаратты растап отыр. Ал анығына келгенде, осыдан төрт-бес күн бұрын Николас Модуроның Путинге телефон шалып, әскери көмек сұрағаны рас.

Ресей баспасөзінің басым бөлігі Венесуэланы жақтап, мақала жазуда. Бұл да түсінікті жағдай. Осы уақытқа дейін орыстар бұрынғы президент Уго Чавес пен Модуро жүйесін сақтап қалу үшін Венесуэла экономикасына 17 миллиард доллар құйды деген дерек бар. Ресейдің жаны шығып жатқанының да сыры осы.

Ал  АҚШ қолдап отырған Хуан Гуайдо кім? Ол қарапайым отбасынан шыққан 35 жастағы азамат. Студент кезінен белсенді болған.Әкесі - ұшқыш, анасы - мұғалім. Тұрмыстың ауырлығынан ол университетке кеш түседі. Бұрынғы президент Уго Чавеске қарсылық ретінде студенттер қозғалысын құрған. 2009 жылы  «Халық еркі» партиясының көсемі  Леопольд Лопесті Уго Чавес билігі 13 жылға соттап жібергеннен кейін ол партияның басшысы болып сайланады.  Венесуэланың Ұлттық Ассамблеясын жыл сайын бір партия кезектесіп басқарып отырады. Биылдан бастап, ассамблеяны басқару «Халық еркінің» басшысы Хуан Гуайдоның еншісіне тиген. Оның бағына халық толқуы ұласып, енді өзін ол елдегі екінші президент етіп жариялады.

...Ал әлем Каракасқа көз тігіп отыр.

Берік Бейсенұлы

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір