• USD 383.43
  • EUR 429.83
  • RUB 5.96
  • CNY 55.39

28 Қаңтар, 2019 Спорт

17 миллион еуроға бағаланған футболшы әлі табылмай жатыр

Франциялық авиациялық билік «Пайпер Малибу» бір моторлы ұшағының бортында Саланың болғанын растап отыр.

Ла-Манш бұғазының маңында ұшақ жоғалып кетті, осыған байланысты бір аптадан бері жаһан жұрты дабыра күйде. Себебі ұшық бортында әлемдегі мықты футболшылардың бірі аргентиналық Эмилиано Сала бар еді. 28 жастағы Сала өткен аптада валлиялық «Кардифф Сити» командасымен келісімшартқа отырғаны белгілі.

Дерекке жүгінсек, франциялық авиациялық билік «Пайпер Малибу» бір моторлы ұшағының бортында Саланың болғанын растап отыр. Сонымен қатар Кардифф әуежайы да Францияның Нант қаласынан ұшақтың келуін күтіп отырғанын мәлімдеген.

Ал «Кардифф сити» футбол клубы жағдайдың мән-жайын анықтауға кірісіп те кетті.

Эмилиано Сала

Ұшақ өткен дүйсенбінің кешінде радардан жоғалып кетті, соңғы орналасқан аймағы Норманд жағалауының біріндегі Каскет шамшырағының айналасы еді. Теңізшілер арасында бұл мекен қайғылы оқиғалармен тікелей байланысты, себебі көбіне дәл осы аймақта кемелер апатқа жиі ұшырайтын көрінеді.

Британдық жағалау күзетшісі ұшақтың дәл сол шамшырақ (маяк-ред) маңында апатқа ұшырауы мүмкін екенін айтып отыр. Сонымен қатар, олар іздеу шаралары үшін екі тікұшақты жіберген. Алайда бүгінге дейін оңтайлы нәтиже болған жоқ.

Дүйсенбі күні түнде ауа райының қолайсыздығына байланысты іздеу шаралары тоқтатылып, сейсенбінің таңына қарай тағы жалғасқан болатын.

Эмилиано Сала

"Пайпер Малибу" ұшағы

Норманд жағалауының полиция қызметі ұшақпен соңғы байланыстың 700 метр биіктікте болғанын хабарлады. Ал британдық метеорологтар ұшақ жоғалған аймақта жауын-шашын болғанын мәлімдеді, алайда айтарлықтай қатты емес. Желдің жылдамдығы да апатқа ұшырататындай емес.

Ал дерекке жүгінсек, Эмилиано Сала футбол әлеміндегі карьерасын тек француздық клубтарда өткізді әрі ең мықты шабуылшылардың бірі болды.

Футболшы «Твиттердегі» соңғы жазбасында «Нант» футбол командасымен қоштасқанын жазған.

Сала

Эмилиано Саланың жоғалып кеткеніне әкесі де қатты қапаланып отыр.

-Сене алмай отырмын. Қолдан келер шараның болмағанына ашынамын. Енді не болатыны түсініксіз. Жақсы жаңалықтан үміттіміз. Білмей қалдық. «Кардиффке» өткені өзі үшін де, отбасы үшін де үлкен мүмкіндік еді. Анығы, біз солай жорыдық, ойладық», - деді әкесі Get French Football News басылымына берген сұхбатында.

24 қаңтарда британдық Гернси жағалауының полициясы іздеу шараларының тоқтатылғандығын хабарлады. Себебі ұшақ жолаушыларының тірі қалуы екіталай еді. Ал іздеу-құтқару шаралары төрт күнге жалғасқанымен, еш нәтиже болмады.

Полициядан үмітін үзген Саланың отбасы футболшыны іздеуге өздері кірісіп кетті.

26 қаңтардан бастап «Пампей Малибу» ұшағы жоғалған аймақта іздестіру шаралары қайта жалғасты. Іздеу жұмыстарын жалғастыру үшін GoFundMe қоры ашылды. Небәрі екі күннің ішінде қорға 3,8 мың адам 300 мың еуро аударды. Ақша аударғандардың қатарында әлемге танымал футболшылар да бар. Солардың бірі -  30 мың еуро аударған франциялық шабуылшы Килиан Мбаппе.

Осы орайда екі күн бұрын «Барселона» футбол клубының капитаны Лионель Месси Instagram желісіндегі парақшасында Саланы іздеу шараларын тоқтатпауды өтініп сұрады.

«Үмітіміз сөнген жоқ, Эмилианоны іздеуді тоқтатпау керек. Отбасы мен достарын қолдап, Саланың аман-есен табылуын тілеймін, дұға етемін», - деп жазды Месси.

Лионель Месси

Мессиден өзге де танымал футболшылар  биліктен іздестіру шараларын жалғастыруды сұрап отыр.

Эмилиано Саланың «Кадрифпен» келісімшарты 17 миллион еуроға бағаланғанын айта кетейік.

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

0 пікір