• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 16:28:17
+35°

28 Қаңтар, 2019 Саясат

Бердімұхамедовтың алдында басың иілмесе, басың кетеді! (видео)

Оның әрбір сөзіне залда отырғандар тоқтаусыз қол шапалақтауы тиіс.

27 қаңтар – Түрікменстанның Отан қорғаушылары күні. Кеше осыған орай президент Гурбангулы Бердімұхамедов елдің әскери қарулы күштерінің қызметкерлерін құттықтап, олардың бірқатарының шенін өсірді.

Мысалы, мемлекеттік шекара қызметінің бастығы Шадур Дурдыев генерал-майор атағын алды. 2018 жылы президент Бердімұхамедов екі рет қатаң ескерту жасаған Атадурды Османов та осы жолы  генерал-майор шеніне ие болды. Сондай-ақ Әділет, прокуратура, кеден,  құқық қорғау саласында жұмыс істейтіндер де біршама марапат алды. Олардың да шендері көтерілді.  

Бірақ бізді таңқалдырған нәрсе бұл емес, президенттің алдында тізе бүгіп, бас ұрып, бас иіп, құрдай жорғалағандардың әрекеті болды. Олардың ешқайсысы да, әскери тәртіппен қасқайып барып, шекесіне қолын апарып,  Бас қолбасшыдан марапатын немесе болашақта иығына тағатын тағатын шенін ала алмайды. «Түрікменстанға қызмет етемін» деп те айта алмайды.  Олар қарапайым сарбаз, мейлі генерал болсын, тізесін бүгіп, басын иіп, ардақты қамқоршы «Аркадагтың» берген марапатын маңдайына басуы тиіс. Олар Отанға емес, президентке қызмет етеді.

Жеке басқа табынудың сорақы үлгісін көрсетіп жатқан Гурбангулы Бердімұхамедов қолпашты жаны сүйеді, жағымпаздықты жақсы көреді, оның әрбір сөзіне залда отырғандар тоқтаусыз қол шапалақтауы тиіс. Әйтпесе, болмайды! Жақпай қалуы мүмкін немесе мұны істемеген адамның тұқымы тұздай құриды. Сол үшін президенттің алдына барған адам құрдай жорғалап келіп, басын иеді, тізесін бүгеді, берген марапатын маңдайына тигізеді. Залды отырғандар «Ұлы Жоғары Бас қолбасшының даңқы арта берсін!» деп айқайды салады. Айтпай көр, айқайламай көр!

...Бердімұхамедовтың алдында басың иілмесе, басың кетеді!

Берік Бейсенұлы

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір