• USD 389.52
  • EUR 429.21
  • RUB 6.07
  • CNY 54.94
23 Қазан, 12:08:12
Назарбаев: "Нұр Отан" халықты мазалайтын мәселелерге араласпайды

29 Қаңтар, 2019 Оқиғалар

"Комада жатқан кезімде анаммен сөйлестім"

Мен бір апта бойы комада жаттым.

Әлеуметтік желі қолданушылардың бірі "комада жатқан адамдар қандай сезімде болады және олардың жақындары қандай тылсым жайтты байқады" деген сұраққа жауап іздеді. Бұл сұрақты көрген желі қолданушылары өздерінің жүрек тебірентерлік оқиғаларымен бөлісті. Аталмыш оқиғаларды Qamshy.kz ақпарат агенттігі оқырман назарына ұсынады. 

Анамның даусын естідім

— Мен бір апта бойы комада жаттым. Бірақ маған бір апта мен үшін бір күндей өте шықты. Комада жатқан кезде мен анамның даусын естіп, онымен сөйлестім. Анам менің балалық шағым туралы, қандай бұзықтық жасағанымды айтып берді. Анамның әрбір сөзі менің жадымда жатталып қалды. 

Анаммен қоштасып үлгердім

— Анамның қалай қайтыс болғанын сұрайтындар көп. Анам 6 жыл бойы қатерлі ісікпен күресті. Бір күні таңғы 08:00-де әкем хабарласты. Ол анамның қатерлі ісікпен күресуге шамасы жетпейтінін айтты. Мен 40 минутта жету керек болған ауруханаға 20 минутта қалай жеткенімді білмеймін. Үлгердім... Бәріміз анаммен қоштасып үлгердік. Анамның қасында кешкі 20:00-ге дейін отырдым. Қимадым... 9 жыл бұрын болған оқиға болса да әлі күнге дейін жүрегім ауырады. 

♦НАРКОЗДАН КЕЙІНГІ ӨМІРДІҢ ТЫЛСЫМ СЫРЛАРЫ (ЖУРНАЛИСТІК ЗЕРТТЕУ)

Комада жатқан әкем жылап жіберді

— Әкем 2,5 жыл бойы қатерлі ісікпен күресті. Өмірінің соңында әкем сөйлеуге шамасы келмеді, тіпті көзін аша алмады. Мен оның қолын қысып ұстап, қатты жақсы көретінімді айттым. Алғашында әкем мені естімейді деп ойлаған едім. Алайда мен қалай жақсы көретінімді айтқан соң әкем жылап жіберді. Мені естігенін түсінген соң әкеммен қоштасып үлгердім. 

Жақсы перзент бола алмағаным үшін қатты өкінемін

— Анам 2007 жылы о дүниелік болды. Өлер алдында бірнеше күн комада жатты. Мен оның қайта оралмайтынын сол кезде сезген едім. Ол комада жатқан кезде мен күні бойы анаммен сөйлесетінмін. Оған әлемдегі ең жақсы ана болғанын айта бердім. Соңғы демі таусылғанша анамның қасында болдым. Ол мені естіді деп үміттенемін. Қатты өкінемін... Себебі мен тірісінде қадірін білмедім, жақсы перзент бола алмадым.

Аударған: Әсел Болатқызы

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір