• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 17:50:04
Алматы
+35°

31 Қаңтар, 2019 Спорт

Хабиб Нұрмағамедов жүргізетін қазақстандық бағдарлама 118 елде көрсетіледі

Әлемнің 118 елінде көрсетілетін аталмыш бағдарламаға бірнеше елдердің спорт командасы қатысып, бақ сынайды.

Хабиб Нұрмағамедов қазақстандық "The Nomad" реалити-шоуын жүргізетін болады деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі BNews.kz сайтының дерегін негізге алып. 

Бағдарлама ұйымдастырушылары биылғы жылдың мамыр айында түсірілім жұмыстарын бастайтынын айтты. Әлемнің 118 елінде көрсетілетін аталмыш бағдарламаға бірнеше елдердің спорт командасы қатысып, бақ сынайды. 

Хабиб Нұрмағамедов жеңіл салмақтағы UFC чемпионы. Ол 27 жекпе-жек октагонға шығып, жеңіске жеткен. 

Еске салсақ Невада штатындағы атлеттік комиссия МакГрегор мен Хабибтің кездесуіндегі бұзақылыққа байланысты шешім шығарды.  Комиссияның шешімі бойынша UFC чемпионы Хабиб Нұрмағамедов 9 айға спорттан шеттетілді. Сондай-ақ Хабиб 500 мың доллар айыппұл төлейді. 

Аударған: Әсел Болатқызы

Әсел Болатқызы

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір