• USD 383.43
  • EUR 429.83
  • RUB 5.96
  • CNY 55.39

31 Қаңтар, 2019 NEWS

"Гауһардай асыл қыздарымызды қорғамасақ, адвокаттығыма сын болар..."

Елімізге белгілі заңгер Абзал Құспан әнші Гаухар Әлімбекованы қорғауға ниет білдіріп отыр

Елімізге белгілі заңгер Абзал Құспан әнші Гаухар Әлімбекованы қорғауға ниет білдіріп отыр, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Сәуле Әбілдаханқызы бұл жайында өзінің Facebook парақшасында жазып, Гаухар Әлімбекованың өнерін тілге тиек етті.

"Халықтың сүйікті әншісі, белгілі композитор Гауһар Әлімбекованы білмейтін қазақ кемде-кем...
Гауһардың әндерінсіз қазақтың тойы өтпеген...
Той жасаған, той көрген әрқайсысыңыз (тіпті оны соттаған сол соттың өзі де бәлкім!..) Гауһардың әнімен келін түсіріп, Гауһардың әнімен қыз ұзаттыңыздар...
Қазақ өнеріне, қазақ мәдениетіне орасан зор еңбек сіңірген Гауһардай талантының еңбегін бағалап, Қазақстан үкіметі қашан бір жапырақ атақ немесе басына баспана берді? Иттің итақайына беріп (сатып, үлестіріп) жатқан ҚР Еңбек сіңірген қайраткері дегенді алса, осы Гуһар алуы керек еді ғой...
Біздің үкімет Гауһардың орны түрме деп шешті..." - дейді журналист Сәуле Әбілдаханқызы.

Әншінің басына қара бұлт үйірілгенін және бұл жағдайға бейжай қарап отыра алмайтынына ниет білдіре отырып, заңгер Абзал Құспанмен осы мәселе төңірегінде сөз қозғағанын айтады.

Адвокат Абзал Құспан өз кезегінде былай деп жауап беріпті:

– "Жалпы, отбасымда болған соңғы жағдайларға байланысты көп істен бас тартып жүргенімді білесің... тіпті, Алматыдағы, Астанадағы біраз жекелеген істерден бас тартып, ақшаларын қайтарып беріп, басқа адвокат тауып беріп, тыныш қана үйде жатқанмын... біраз уақыт тайм-аут алып, қызымның жылын бергенше көп іске кіріспеймін, отбасымның жанында көбірек боламын деп ойлаған едім. Бірақ мына жағдай басқа жағдай... Гауһар Әлімбекова – бәріміздің сүйікті әншіміз. Гауһардай еліне ерен еңбегі сіңген талантты аруымыздың басына іс түсіп жатқанда, әрі өзіңнің өтінішіңді аяқасты еткендей болмайын деп, осы іске араласқым келіп отыр. Бұған тағы мынадай бірнеше себеп бар:
Біріншіден: Жалпы, түрме деген не үшін салынады? Түрме деген – қоғамға қауіпті адамдарды оқшаулау үшін, басқа адамдарға зияны тимеу үшін, қоғамнан аластау үшін салынады. Болды! Түрменің басқа функциясы жоқ! Яғни, адам өлтірген, бала зорлаған, әйел зорлаған, ұрлық жасаған, кісі тонаған... қысқасы түрме – қоғамға қауіпті, адамдардың өміріне, денсаулығына қауіп келтіретін қанішер, зорлықшы, адамдарды қоғамнан алыс ұстау үшін салынады. Ұрыны қанша жерден сен тыямын десең де, ол бәрібір ұрлығын қоймайды. Ұрлық – психологиялық аурудың бір түрі деп есептейді ғалымдар... Кісі өлтірген қанішерлер, зорлықшылар екінші рет тағы кісі өлтіруі, зорлауы әбден мүмкін... Сөз жоқ, оларды қоғамнан аластау керек...
Ал енді Гауһар Әлімбекова кім? Ол бүкіл қазақ еліне танымал тұлға, белгілі әнші, талантты композитор. Дәл сол Гауһар біздің қоғамға соншалықты қауіпті адам ба? Оны осыншама 6 жылға бас бостандығынан айыратындай не күн туды? Бұл деген өте ауыр жаза! 
Бұл сөзіме қарап басқалар ой түйіп қалмасын, «е, ол кінәлі екен, мәселе тек жазасының ауырлығында екен» деп. Жоқ. Оның кінәлі-кінәсіз екендігін мен әзірге тап басып айта алмаймын. Мен әлі іспен таныспағандықтын, істің мән-жайын білмегендіктен, әзірге осылай айтып отырмын. Бірақ оған берілген жаза ӨТЕ АУЫР жаза және ӘДІЛЕТСІЗ жаза екендігін баса айтқым келеді. Бұл көзге ұрып тұр. 
Алысқа бармай-ақ қоялық, НИді айтайық: 1 млн доллар пара алып жатқан жерінде ұсталады, оған жаза тағайындамақ түгілі, ісін қысқартып тастайды. Мен білетін басқа да көптеген істер бар, оның бәрін де уақыты келген кезде көрсетемін – қандай жағдайда біздің судьялар қандай жаза тағайындады – небір өте ауыр қылмыстар бойынша өте жеңіл жазалар тағайындап келді, түкке тұрғысыз осындай ұсақ-түйек, жеңіл азаматтық істер бойынша ауыр жазалар тағайындаған істер өте көп. Сонда сол істердің басы-қасында жүрген біздің тергеушілердің, прокурорлардың, судьялардың мақсаты не? 
Дәл Гауһарға келгенде мұндай жаза тағайындау кімге, не үшін керек болды? Тура халықтың әдейі ашу-ызасын тудырғысы келгендей ой қалдырады. Басқа жолы жоқтай, бірден әй-шайға қарамастан, 6 жыл бас бостандығынан айырады...
Тағы қайталап айтамын, бір нәрсе анық – Гауһар қоғамға қауіпті адам емес! Оған 6 жыл бас бостандығынан айыратындай ешқандай қажеттілік жоқ еді. Тағайындалған жаза өте әділетсіз деп санаймын.
Екіншіден, бізде әбден тәжірибеге енген мәселе бар, ол – бір адамның арызымен «алаяқтық» бабымен іс қозғау өте қиын және көп жағдайда – 99,9 % мүмкін емес! Мұндай істер негізінен, азаматтық-құқықтық қарым-қатынас негізінде «ақша бердің бе, өндіріп ал» деп кері қайтарылады. Дәл Гауһарға білектерін түрініп кіріскендері мені таңғалдырып отыр... 
Үшіншіден, бұл, сөз жоқ, халықтың ашу-ызасын тудыратын нәрсе. Мысалы, Ресейде, Алла пугачева демей-ақ қояйық, кез-келген орташа әншінің басында осындай жағдай болуы мүмкін бе? Мүмкін емес. Өйткені оларда ұлт деген ұғым бар, ұлт намысы, ұлт мақтанышы деген ұғым бірінші орында тұрады. Ұлттық өнерге, ұлттық мәднеиетке қатысы бар адамдарын олар мұншалықты қорламайды. Ал бізде неге қазаққа ғана қадірлі, қазаққа ғана сыйлы адамдардың басынан әркез осылай бұлт айырылмайды? Мысалы, Тұңғышбай Жаманқұловты алып қарайық. Қандай адам еді? Бүкіл халықтың махаббатына, құрметіне ие болған адам еді! Осындай ұлт мақтаныштарын біз оп-оңай түрмеге қамап, оп-оңай соттап, халықтың пікіріне пысқылып та қарамастан, халықтың алдындағы беделін оп-оңай таптай саламыз. Бұл біздің сот жүйесінің қоғам пікірімен, қоғам ойымен санаспайтындығын көрсетеді. Неге қоғаммен санасу керек дейтін сұраққа келетін болсақ, бұл заңгерлер арасында әлдеқашан белгілі: сөзімнің басындай айттым ғой - қауіпті адамдарды қоғамнан алшақтатады. Яғни, қылмыстық іс деген – қоғамның мүддесін қорғау үшін, қоғамға қауіпті адамдарды қоғамнан аластау үшін қозғалады. Сондықтан қоғамның пікірі бұл жерде роль ойнау керек, ескерілу керек. Біз осыны ескеруді ұмытып барамыз. Бұл өте өкінішті. Я болмаса, біздің билік қазақ деген қоғамның бар екенін білмейді, білсе де, білмегенсиді, көрмегенсиді, я болмаса, қазақты көзге ілуге тұрмайтын қоғам деп есептейді. Қазақ – ҚР Конституциясы боойынша – мемлекет құраушы ұлт. Осы жердің, елдің иесіміз. Осылай екенін біле тұра, әдейі қазақтың шабына түртіп, ашу-ызасын тудырғысы келеді. Бұл – жалғыз Гауһарға қатысты емес, жалпы айтып отырған мәселе.
Егер Гауһар өзі сенім білдіріп, осы іспен айналысуымды сұраса, Гауһардай асыл қыздарымызды қорғамасақ, елдігімізге де, ерлігімізге де, адвокаттығыма да сын болар".

Ұсынған: Назерке Лабихан

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

3 пікір

Гулзада избасханова 01 Ақпан, 2019

Оте орынды айтылган

bks 01 Ақпан, 2019

Яғни, Гаухарды соттап отырғандардың мақсаты елдің арасына іріткі салу, қоғамның ашу ызасын әдейі, қасақана тудыру деп түсінеміз ба сонда??Яғни, олар қазақтың қас жаулары деп білемін.

Байдалы Абдихдыр 02 Ақпан, 2019

Биреуден ақшасы маңдай тер и оны алған соң кереги не жаратқан соң қайтару адами парыз емес па, әлде қайтарат ын мал мулки жоқ па?