• USD 383.43
  • EUR 429.83
  • RUB 5.96
  • CNY 55.39

01 Ақпан, 2019 Спорт

"Туды құлатпай, жеңіспен елді қуанту — негізгі міндетім"

3-ақпанда қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы мен америкалық Стивен Мартинес рингте кездеседі

3-ақпанда қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы мен америкалық Стивен Мартинес рингте кездеседі деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Осыған қатысты Жәнібек Әлімханұлы тақымын қысып, қолдау көрсеткісі келетін жанкүйерлеріна алғыс айтты. 

"Жәнібек хан — Қазақ хандығының негізін қалаған ханның бірі. Еңселі ел болу жолындағы Керей мен Жәнібектің еңбегі тарихта алтын әріппен жазулы. Ұлт үшін өлшеусіз еңбек етті. Бізге де азан шақырып хан есімі қойылған соң, әлсіз болуға құқығымыз жоқ. Бабалардай ұлы іс атқара алмасақ та, туды құлатпай, намысты бермей жеңіспен елді қуанту негізгі міндетім деп есептеймін. Тақымқысар ағайынға мың алғыс. Мұхиттың арғы бетінде жанкүйерліктеріңізді сезініп жүрмін. Бесінші жекпе-жекке де аз күн қалды. Жексенбіде Америкалықтарға қазақ бокс стилін көрсетеміз, бұйыртса. Жеңісте жүздесейік. Ту желбіресін!", деп жазды спортшы өзінің Instagram парақшасына. 

 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 

ЖӘНІБЕК ХАН - Қазақ хандығының негізін қалаған ханның бірі. Еңселі ел болу жолындағы Керей мен Жәнібектің еңбегі тарихта алтын әріппен жазулы. Ұлт үшін өлшеусіз еңбек етті. Бізге де азан шақырып Хан есімі қойылған соң, әлсіз болуға құқығымыз жоқ. Бабалардай ұлы іс атқара алмасақ та, туды құлатпай, намысты бермей жеңіспен елді қуанту негізгі міндетім деп есептеймін. Тақымқысар ағайынға мың алғыс. Мұхиттың арғы бетінде жанкүйерліктеріңізді сезініп жүрмін. Бесінші жекпе-жекке де аз күн қалды. Жексенбіде Америкалықтарға ҚАЗАҚ БОКС СТИЛІН көрсетеміз, бұйыртса. Жеңісте жүздесейік. Ту желбіресін! #ҚазақХандығы #қазақ #КерейменЖәнібек #Жәнібек #қазақбоксстилі ?@4mikeywilliams @trboxing @klimasmanagement

Публикация от JANIBEK ALIMKHANULY (@janibek_alimkhanuly)

Айта кетсек, жекпе-жекті таңғы 7:30-да "QAZAQSTAN" Ұлттық телеарнасында тікелей эфирден көрсетеді. 

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

0 пікір