• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 15:19:52
Алматы
+35°

01 Ақпан, 2019 Саясат

Жұртқа жақпайтын жындының сандырағы

Империялық пиғылы жаман орысқа Жириновскийлер әруақытта керек.

Қашан да өзінің біржақты пікірлерімен жұртшылыққа таныс ЛДПР көсемі Владимир Жириновский Мемлекеттік Думада сөйлеген сөзінде ТМД аумағындағы кейбір елдерді Ресей құрамына кіруге шақырды. Ол үшін алдымен Конституцияны өзгерту керек, сосын оларды қосып алу қажет.

«Орыс әлемін кеңейту керек» деген Жириновский мұндай тәжірибенің өмірде бар екенін айтты. Заңдық тұрғыдан келгенде, 2014 жылы Қырым Республикасының халқы таңдау жасап, Ресейге қосылатынын мәлім еткен. Бірақ анығына келгенде, Ресей Қырымды аннекциялады емес пе? Бірақ оған қарап отырған ЛДПР көсемі жоқ.

Бұл жерде Владимир Жириновский нені меңзеп отыр? Нақты айтсақ, Грузиядағы Оңтүстік Осетия мен Абхазия, Украинадағы Донецк мен Луганск, Молдовадағы Приднестровье мен Белоруссияның батыс аймағында қазір Ресейдің ықпалы күшті. Бірақ мұның барлығы да орыстардың қолымен «от көсеп», «ыстық нүктеге» айналған  аймақтар екенін ұмытпағанымыз жөн. Ресейдің заң шығаратын Мемлекеттік Думасының мінберінен сөз сөйлеген Жириновский Конституцияға өзгерістер енгізе отырып, аталған аймақтарды біржолата Ресейге қосып алу керек деп отыр. Орыс әлемінің көкжиегін өзгертіп, герграфиялық картасының аумағын кеңейткісі келіп отырғаны да содан.

–Біз қалай айтқанда да, Ресейдің Конституциясын өзгертуіміз керек. Әлем тарихында мұндай оқиға болған. 1990 жылы Германия Федеративтік Республикасы (ФРГ) өздерінің Конституциясын өзгерте отырып, ГДР –ды құрамына қосып алды. Демек, бізге де мүмкіндік бар, –деді Владимир Жириновский.

Қашан да орыс шовинизмін ту етіп көтеріп жүрген жындының бұл сандырағы жұртқа жаға қоймас. Бірақ орыс билігіне сонау 1991 жылдан бері Мемлекеттік Думада мәңгілік депутат болып келе жатқан Жириновскийдің айтқандары үнемі жағады...Өйткені империялық пиғылы жаман орысқа Жириновскийлер әр уақытта керек.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір