• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 10:04:54
Алматы
+35°

01 Ақпан, 2019

Қазақ әншілері: Қазақтың қызын түрмеде отырғыза алмаймыз...

Әншіге таңылған «алаяқ» деген қылмысты соттан өзге ешкім мойындаған жоқ,

Гауһар Әлімбекованың басына үйірілген қара бұлт бүкіл халықты дүрліктірді. Әншіге таңылған «алаяқ» деген қылмысты соттан өзге ешкім мойындаған жоқ, халық сенбеді. Осы орайда Qamshy.kz ақпарат агенттігі күні кеше «Гауһар Әлімбекованың тағдыры: «Музарт» саған айтам... Қайрат пен Төреғали, сен тыңда!» атты мақала жазған еді. Мұндағы мақсат – Гауһар Әлімбекованы қолдауға әншілерді шақыру. Ал әншілердің реакциясы қандай болды? Желіге шолып көрелік...

♦Гаухар Әлімбекованың тағдыры: «Музарт» саған айтам... Төреғали мен Қайрат, сен тыңда!

«Музарт» тобының әншісі Сәкен Майғазиев Әлімбекованы құтқару үшін ақша жинауға дайын екенін жазды.

«Аңқылдап жарқылдап жүріп, алаяқтардың арбауына алданды ма екен... Ақкөңіл әпкемнің, досымның басына үйірілген қара бұлт бәріміздің жанымызға батып жатыр. Кешеден бері істің анық-қанығын, ақ-қарасын ажыратуға барымызды салып жатырмыз. ҚР заңгерлерлері де сауатты түрде егжей-тегжейлі зерттеп жатқанына күмәніміз жоқ. Қарсы тарап кешірім беріп, келісімге келсе Гауһардың әріптестері сол сомманы жинап беруге бар күшімізді саламыз деп ниеттендік. Талантты қызымызды темір торға тоғытқанда не ұтпақпыз?! АЛЛА тағала жәбірленуші жақтың пәтерге қол жеткізіп, қоныс тойын тойлауды, жауhардай Гауһарымыздың ортамызға оралуын нәсіп еткей», - деп жазды Сәкен Майғазиев.

«Сотым-ай, сотым-ай» деп қазақ сотынан түңілген Мейрамбек Бесбаев та әріптесін қолдады.

«Сотқа да, прокурорға да сұрақ көп... Бұл істе үлкен шикілік барын сеземін. Оң шешімін табатынына сенем! Гауhap досым, біз әлі талай бір сахнада ән саламыз!» - деді Мейрамбек.

Әншіні қолдағандардың қатарында Қайрат Нұртас емес, оның анасы бар. Продюсер Гүлзира Айдарбекова көмекке мұқтаж әріптесіне көмектесуге дайын. Әншіге ақша жинап берудің амалын да айтып өтіпті.

«Дубайда жүрсек те инстаграм арқылы жайсыз xабарды көзіміз шалып, жүрегіміз алай-дүлей болып отырғаны. Өнер адамдарының ішінен ақиқатын жазған біреуі табылар деп парақшаларын ақтарып іздей бастадық. Нұрлан Албанның парақшасында көмек берейік деген постты оқып қуанып та қалдық. Нұрлан өзің бастаған екенсің, бәріміз көмек қолын созайық. Негізі қатты араластығымыз да жоқ, көрген жерде сәлеміміз түзу, бірақ көрмегелі де 5-6 жыл болып қалыпты. "Көп түкірсе көл болады" деген, ертең қай-қайсымыздың да алдымыздан не күтіп тұрғанын білмейміз. Нұрекең шот ашып парақшасына салса, бәріміз қарап қалмайық. Өте ақкөңіл, жүрегі кең, ашық мінезді болатын, мүмкін бір қателік орын алып жатқан болар. Қолдан келсе, кір іздеп, мін тақпай, сырттай жөн-жосықсыз әр түрлі әңгімені жазбай-ақ қояйық. Онсыз да xалықтың алдында жер болып отырғанында жерге тықпайық, ағайын! "Бәле аяқ асты" деген, бір шикілік бар сияқты. Жағдайы төмендерге, мүгедектерге Алла разылығы үшін деп көрсетпей беріп те жүрміз, сол себепті, неге мұқтаж жандарға бермеске деп даурықпауларыңызды сұраймын. Гауһар еліміздің алдында жүрген, xалықтың қызы болғандықтан, қолымыздан келгенінше қарап қалмайық. Біздің де елдің намысы, өзге елге күлкі болмайық. @nurlanalban Нұреке, өнер адамдарының да проблемалары жеткілікті түсінемін, бергісі келетін, бірақ бере алмайтындары да қаншама. Мүмкін, өнер адамдарын жинап жақсылап бір концерт ұйымдастырарсыз. Сол кезде өнер адамдарымен қатар сатылған билеттердің ақшасы да көмек болады, көмек қолын созу үшін билеттерді алушылар да аз болмайды. Біздің қазақ xалқы тас жүрек емес, бәрі де ойланбастан алады билеттерді. Ойланып көрсеңіз, осы идеяны.

Әнші Бүркіт те Әлімбекова үшін ақша жинауға көмектеспек...

«Мұндай xабар естіп, денем түршікті! Бұл қалай болды сонда? Гауһар Әлімбековамен қатты араласпасақ та, көріп тұратын жайымыз бар еді. Өмірде неше түрлі жағдай болады ғой, мүмкін бір қате кеткен шығар? Кім білсін? 6 жылға $40,000 үшін сотталды деген жеткенде не ойларымды да білмей қалдым! Құдай-ау, миллион-миллиондап ұрлап, сосын кешірім сұрап, ақшаларын қайтарып беріп жатқандар да бар емес пе?! Неге сонша қатал боламыз? Меніңше, кешірімділікпен қарасақ жөн болар еді. Қанша дегенмен, адам өлген жоқ. Адам өлгенде 8-9 жыл береді ғой, сонда қалай болғаны? 40-50 мың доллармен адамның өмірі сәйкес келіп тұр ма?! Ұят болады ғой басқа елдерден! Өздерінің өнер адамдарын аямай соттап жатыр мына xалық десе, ұят емес пе?
Әріптестер, өнер адамдары, бәріміз бірігіп бірге қол ұшын созайық! Көп түкірсе көл болады дейді ғой! Барынша қаражат жинап көмек берейік. Көмектесейік!!! Не болса да, қандай жағдай болса да, Аллаһтан қайтсын! Бұл өмірде кім білсін , алдымызда не күтіп тұрғанын!» - деп сөзін қорытындылады Бүркіт әнші.

♦"Гауһардай асыл қыздарымызды қорғамасақ, адвокаттығыма сын болар..."

Gulim Zhaqan

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір