• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 18:47:09
Алматы
+35°

03 Ақпан, 2019 Спорт

Әуесқой бокстан әлем және Азия чемпионы Жәнібек Әлімханұлы кәсіпқой рингтегі бесінші жекпе-жегінде америкалық Стивен Мартинесті бесінші раундта есеңгіретіп тастады. Бұл бір  нағыз айызды қандырған айқас болды. Тәжірибелі Мартинес қазақ боксшысының сан айлалы, тегеурінді қимылына төтеп бере алған жоқ.

Тағы бір қуанышты жағдай: Жәнібек шаршы  алаңға «Қазақ стилі» деген футболкамен шықты. Қолғабында да Қазақ мемлекетінің территориясы бейнеленген. Боксшының бапкерлері мен менеджері Берік Сұлтанның рингке «Janibek» деген жазуы бар киіммен шыққаны да көңілді тоғайтып тастады. Берік пен Жәнібек бүгін миллиондаған жанкүйерлерге тамаша жеңіс сыйлап қана қойған жоқ, Қазақ елінің жарасымды әрі ұтымды жарнамасын жалпақ дүниеге жария қылды.

Ал Жәнібек өзінен әлдеқайда тәжірибелі Мартинеске қарсы нағыз қазақ стиліндегі бокс көрсетті.

Жеңіс құтты болсын, ағайын!

Берік Бейсенұлы

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір