• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 12:52:26
Алматы
+35°

04 Ақпан, 2019 Саясат

Қостанай облысы әкімінің орынбасары "осырды" (видео)

Талай Алаш қайраткерін дүниеге әкелген қасиетті Тобыл-Торғай өңірі бүгінде әбден орыстанып кеткен деуден аулақпыз.

Жастар жылының аясында Қостанайда "Zhas project" жобасы өз жұмысын бастады. Қостанай облысының әкім орынбасары Марат Жүндібаев Елбасының сөздерін арқау ете отырып, тобылдық жастарға арнап сөз сөйлеген кезде ыңғайсыз жағдай орын алыпты.

"Жастар біздің үмітіміз, ертеңгі тірегіміз. Сіздерге үлкен міндет жүктелді. Қазақстанның беделін осырып... өсіріп, зор табыстарға жетуге тілектеспіз" деп қалды мінберден Жүндібаев мырза.

Осы бір қысқа ғана видео тез арада әлеуметтік желіде шарлап, қатты талқыға ұшырады. Әкім орынбасарын сынап, айыбын бетіне басып, тіпті мазақ қылғандар баршылық. Дегенмен мыңның арасынан Марат Жүндібаевқа қолдау танытқандар да көзге түсті.

Мына бір пікірді оқырман назарына ұсынамыз: "Қазақ Баласы: Бұндайға күлмейді , қайта үйреніп жатқанына демеу болып туралап жіберу керек. Әр қатесіне күле берсеңдер, ертең ешқайсысы үйренбей қояды ұялып. Одан кейін күлген адамдар өздерің туа сала таза сөйлеп кеттіңдер ме ? Олар адасып, басқа тілде сөйлесіп, енді ана тілін үйренейіп жүргенде демеу беріңдер. Жоғарыдағы коменттерді оқысаң, бәрі судан таза, сүттен ақ . Жығылған адамға күлмей, қайта орнына көтеріп, тұрғызып жіберетін қазақ едік. Өкінішті, майдаланып барамыз".

Талай Алаш қайраткерін дүниеге әкелген қасиетті Тобыл-Торғай өңірі бүгінде әбден орыстанып кеткен деуден аулақпыз. Себебі соңғы жылдарда Қостанай өңірінің белсенділігі артқан. Мемлекеттік тілдің мәртебесін өсіруге арналған шаралар көптеп ұйымдастырылып жатыр. Десе де атқарылғаннан бұрын атқарылатын шаруалар шаш-етектен.

Бір айта кетерлігі, Марат Қонысбайұлы 1974 жылы дүниеге келген азамат. 1997 жылы А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінде тарих мамандығы бойынша білім алған. Содан соң 2002 жылы Қазақ құқықтану және халықаралық қатынастар институтын құқықтану мамандығы бойынша, 2009 жылы Халықаралық бизнес университетін «мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша тәмамдаған. Саяси ғылымдар кандидаты. Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетовтың орынбасары болмас бұрын Лисаковск қаласын басқарған.

Марат Жүндібаев мырза мына бір келеңсіз жағдайдан кейін ел-жұрт жағамнан алды демей, мұнымызды қамшылау деп түсінсе қандай ғанибет болар еді. Себебі өзге жұрттың тілінде сайрау, әрине, керемет, алайда өз ана тіліңді білу не білмеу азаматтыққа сын.

 

Zhazira Baidaly

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір