• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Сәуір, 12:20:39
Алматы
+35°

Дже́ки Чан — гонконгтық, қытайлық, америкалық актер, каскадер, кинорежиссер, продюсер, сценарист, трюктер мен соғыс көріністерін қоюшы, әнші, мейірбан (филантроп-қайырымдылықпен айналысушы), жауынгерлік өнер шебері, ҚХР-дағы көне киностудиялардың бірі  — "Чанчунь" киностудиясының бас режиссері.

Бір нәрсеге дарынды адам, өзге істе де қабілетті, өнерлі болады дейді көпшілік. Меніңше, ол еңбектен. Алла адамның бәрін дарынды етіп жаратқан. Саналы адам болып дүниеге келгенінің өзі бекер емес. Тек жалқаулық бар да бойымызда... Әйтпесе, өнерсіз адам болмайды. Тынымсыз еңбек пен қажырлы қайраттың арқасында бойыңда жасырынып, ұйықтап жатқан дарынды ояту – өзімізден.

Ендеше, бүгін бір бойында соншама өнері бар Джеки Чанның бірер қанатты сөздерінен сусындап, жігерімізге жігер қоса отырайық...

***

Ешқашан екінші Брюс Ли болғым келген емес. Мен жәй ғана бірінші Джеки Чан болғым келді.

***

Қолымнан ешнәрсе келмейді деген адамдарға сенбе. Олар бір бейбақ, бейбақ күйінде қала бермек.

***

Жетістікке жетудің тура жолы – өз ісіңе ғашық болу.

***

Егер жетістікке жеткің келсе, алты кемістіктен аулақ бол: ұйқышылдық, жалқаулық, қорқақтық, ашушаңдық, бос сөзділік және батылсыздық.

***

Бақыт формуласы: 80% — жұмыс, 15% — қайырымдылық, 5% — туған Гонконгқа деген махаббат.

***

Түк пайдасыз бөпе болдым. Ап-арық, ілмиген бала болдым. Тентек жасөспірім болдым. Ал енді ше? Кім болғанымды көрдің бе!

***

Ешбір трюк жасай алмай қалған күн – менің ең соңғы жұмыс күнім болады.

***

Кейде тоқтай қаламын да... «бүгін өліп кетуім мүмкін еді, ә...» деп ойлаймын.

***

Күтпеген танымалдылық пен аяқасты бұйырған бақ адамды түбегейлі өзгертіп жібереді.

***

Өз мәдениетіңді құрметтеп, насихаттауың керек.

***

Джекиге ұқсауға тырыспаңдар. Өмірде тек бір ғана Джеки бар.

Мақпал Сембай

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір