• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 20:23:50
Алматы
+35°

05 Ақпан, 2019 Айтты-ей, бауырың!

Инстаграм –  қазіргі таңдағы өте танымал әлеуметтік желілердің бірі. Qamshy.kz ақпарат агенттігі инстаграм парақшаңызды дамытып, өзіндік контент қалыптастыруға көмектесетін кеңестер ұсынады.

1.Инстаграмда басқа адамдармен жиі сөйлесіңіз. Өзіңізге ұнаған жақсы жариялымдарға мағыналы пікір қалдырыңыз. Ол басқа адамдардың сіздің жеке парақшаңызға деген қызығушылығын арттырады.

2. Сіздің инстаграм парақшаңыз бар екенін өзгелер білсін. Ол үшін достарыңыз бен таныстарыңызға парақшаңызға тіркелуін сұраңыз. Өзіңіздің басқа да әлеуметтік желілерде парақшаңыз бар екенін көрсетіңіз. Ол сіздің белсенділігіңізді білдіреді және сізге оқырманның қызығушылығын арттырады.

3. Басқа әлеуметтік желілерде инстаграм парақшаңызға сілтеме қалдырыңыз. Сол арқылы сіздің парақшаңызды көруге мүмкіндік болады.

4. Өзіңіздің жеке парақшаңызға қатысы бар тақырыпта фотоконкурс ұйымдастырыңыз және өздерінің ұсыныстарын қалдыруын сұраңыз. Фотобайқаудан үздік суретті таңдап, өз парақшаңызға белгілеңіз және жеңімпазға жақсы сыйлық беріңіз. Мысалы, тегін заттар, концертке билет берсеңіз де болады. Бұл әдіс көп адамдарды өзіне тартады.

5. Инстрамдағы танымал контенттерден хабардар болыңыз және маңызды, қызықты жаңалық жарияланған кезде оны қайталап жариялап көріңіз. Бұл әдіс сіздің жылдамдығыңызға байланысты, егер біраз уақыттан кейін жарияласаңыз, ол жаңалықты өзге парақшадан көрген адам сіздің парақшаңызға қайта кірмеуі мүмкін.

6. Жиі жариялым қажет. Көбінесе күніне 2-3 хабар жариялайтын парақшалар танымал болады. Алайда көп жариялымдар сіздің аудиторияңызды жалықтыруы мүмкін. Сол үшін жаңалықпен бөлісетін ыңғайлы уақытты біліңіз. Жариялым салу үшін ең жақсы уақыт дүйсенбі мен бейсенбі күндері. Ал жариялымдар үшін ең нашар уақыт күндізгі сағат 15..00 пен 16.00-дің арасы.

7. Инстаграмдағы фильтрлерді жиі қолданыңыз. Ол сіздің парақшаңыздың белсенділігін арттырады. Мысалы, Mayfare – ең танымал фильтр. Әдетте ашық реңді суреттер қара реңді суреттерден 24% артық лайк жинайды.

8. Аудиторияңыздың қызығушылығына орай хештегті жиі қолданыңыз. Хештегпен жарияланған жариялымдар 12,6 % жиі қаралым жинайды. Мысалы, танымал #fashiongoals, #instafashion, #instagood, #photooftheday немесе кең таралған #love, #happy, #dog хешталарды қолданыңыз.

9. Геотег деген – сіз болған танымал жерлерді анықтап, белгілеп тұратын инстаграмның жақсы функциясы. Суретіңізді жүктер алдында «картаға сурет жүктеу» функциясының қосылып тұрғанына көз жеткізіңіз. Бұл сіздің аудиторияңызға  шынымен де сол жерде болғаныңызды дәлелдейді және сізге сенімді арттырады.

10. Трендтен хабардар болыңыз. "Интернетте танымал болады" деген жаңа нәрселерді жариялаңыз. Мысалы, журнал беттеріндегі киім суреттерін немесе танымал тұлғаның жаңа музыкалық альбомының суретін жариялап көріңіз.

11. Әдемі, әсерлі суреттеріңізді жариялаңыз. Достарыңызбен танымал жерлерде түскен естеліктеріңізбен бөлісіңіз.

12. Суреттеріңіздің жоғары сапалы болуын қадағалаңыз. Сапалы сурет – сапалы контенттің кепілі.

Міне, осы кеңестерді қолдансаңыз, табысқа жетеріңіз сөзсіз.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір