• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 16:33:57
Алматы
+35°

05 Ақпан, 2019 NEWS

Дәурен Абаев: Қаралы күн жариялаудың өз критерийлері бар

Өте қайғылы жағдай. Балаларымызға және олардың өміріне сақ болайық.

Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев Орталық коммуникациялар қызметінде "QAZAQ EPOS" республикалық ағарту жобасы бойынша басталған брифингте бүгін түнде қайтыс болған 5 баланың ата-анасына көңіл айтты деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

"Бүгін түнде Астанадағы жекеменшік үйлердің бірінде орын алған өрттен қаза тапқан 5 баланың ата-анасы мен туған-туыстарына көңіл айтамын. Өрт кезінде кішкентай балалардың ата-анасы жұмыста болыпты. Өрттің шығу себептерін тексеріп жатқан құзырлы органдар нақты ақпарат береді деп сенеміз. Өте қайғылы жағдай. Балаларымызға және олардың өміріне сақ болайық. Қазір ата-аналарға психологтар көмек көрсетіп жатыр. Әкімдік те барлық қажетті жұмысты жүргізуде", деді министр. 

Сондай ақ Астана әкімдігі жерлеу рәсімін ұйымдастыру шараларын өз мойнына алды. Әлеуметтік желіде журналистер мен қоғам белсенділері қайғылы оқиғаға байланысты қаралы күн жариялауды ұсынған болатын. Министр бұл туралы да пікір білдірді. 

"Қаралы күн жариялаудың өз критерийлері бар. Егер сол критерийлер болса, оны арнайы комиссия шешеді. Бұл біздің қолымыздағы дүние емес", деп қысқа жауап берді Дәурен Абаев. 

Ұсынған: Әсел Болатқызы

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір