• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 14:52:42
Алматы
+35°

05 Ақпан, 2019 NEWS

Қайғылы оқиғаға куәгер болған туысы: Балалардың шулап жатқанын естідім

Астанада бір отбасының бес баласы көз жұмған қайғылы жағдай туралы куәгерлер айтып берді

Астанада бір отбасының бес баласы көз жұмған қайғылы жағдай туралы куәгерлер айтып берді. Айтуларынша, балаларды құтқарудың мүмкіндігі болмапты.

Астана әкімі қайғылы жағдайға қатысты қара жамылған отбасыға көңіл айтып, шұғыл жиналыс өткізді, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі 24 хабар арнасына сілтеме жасап.

Жиында әкім қара жамылған отбасыға барлық көмек көрсетуді тапсырды. Аудан әкімдерінен Төтенше жағдайлар департаментімен бірлесіп, тексеру жұмысын жүргізуін сұрады. "Бұл жайт ТЖД тарапынан кеткен қателік салдарынан болды" деген пікір айтты.

Ал, куәгерлердің айтуынша, балаларды құтқару мүмкін болмапты. Өрт сөндірушілер келгенге дейін өртенген үйге кіргендер балаларды алып шыға алмаған.

-Онда шулап жатқанын естідім. Жүгіріп терезеге келдім. Кіріп едім, қап-қараңғы болды. Ештеңе көрінбеді. Ол жақта өте ыстық болды. Қолыммен сипап көріп ем, ештене таппадым, – дейді отбасының туыстары Жанат Әйтімов.

Өрт салдарынан 5 бала қаза болды. Көршілерінің айтуынша, олардың бәрі қыз балалар. 

-Олардың ата-анасы жұмыста болды. Әкесі көлік жөндейтін жерде істейді. Анасын білмеймін. Анасы жақында ғана жұмысқа шыққан. Бұған дейін үнемі балаларының қасында болған, – дейді көршісі Рахым Әшімбаев.

Өрттің шығу себебі ресми түрде айтылған жоқ. Үйдің пешпен және тоқ құралымен жылытылатыны анықталды.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір