• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 17:57:21
Алматы
+35°

05 Ақпан, 2019 Тәлім мен тәрбие

Енесін «улаған» келін

Сыйластық бар жерде татулық бар. Татулық бар жерде бірлік, бақыт бар.

      Баяғыда Қытайда Ли-ли атты бір қыз тұрмысқа шығыпты. Бірнеше айдан кейін-ақ ене мен келін арасындағы айқай-шудан ол үйде тұру қияметке айналады. Енесінен қайтіп құтыларын білмей дал болған келін дәрілік шөптер жасаумен айналысатын әкесінің бір досына барып, "у жасап беріңіз" деп жалынады. Қарт кісі оған уыты өткір шөптен жасаған арнайы дәрісін беріп тұрып, оны үш ай бойы күн сайын аз-аздап енесі жейтін тамаққа қосып беріп отыруды тапсырады. Қарт кісі жас келінге ешкім сезіктенбеуі үшін енесіне жақсы қарап, оған ең тамақтарды жасауды ескертеді.

       Қуана үйіне келген Ли-ли  қарт кісінің айтқандарын бұлжытпай орындауға көшеді. Енесінің тамағына аз-аздап у қосып жүреді. "Ешкім мұнымды біліп қоймасын" деп, енесін қатты сыйлап-құрметтей бастайды. Өзіне анасындай қарап, сыйлап, құрмет көрсетіп жүрген келініне жөнсіз ұрысып, тырнақ астынан кір іздеп жүрген енесі де өз әрекетінің дұрыс еместігіне көзі жетіп, келініне басқаша көзқараспен қарап, сүйсіне бастайды.

        Көп өтпей-ақ үйде тыныштық орнап, жанұя мүшелері бір-бірімен тату-тәтті тұрып кетіпті. Жас келін енесіне өз қолымен у беріп келгеніне енді өкіне бастайды. Уды енесінің қанынан қайта тазалатқысы келеді. Өйткені, жақсы көріп кеткен енесін өлімге қимайды. Дереу әлгі шөппен айналысатын қартқа жүгірді. Өзіне бұл жолы басқа өтінішпен келіп, көзін жасқа бұлап отырған жас келіннің айтқанын естіген қарт көзінен жас аққанша күледі. Сөйтеді де: -"Шырағым, Ли-ли, - деді, - менің саған бергенім у емес, керісінше, дәрумендер болатын. Сен осы үш ай ішінде енеңнің денсаулығын бұрынғысынан да жақсарттың. Бар болғаны, сен оны сыйлап, құрметтеген сайын араларыңдағы ашу сейіле берді, татулық пен сүйіспеншілік орнады. Сен енді нағыз ақылды келін болдың!" – деген екен.

Ұсынған: Мақпал Сембай

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір