• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 16:17:49
Алматы
+35°

05 Ақпан, 2019 NEWS

Тағы да өрт: 3 бала зардап шекті

Қарағанды қаласы 15-ші ықшамаудандағы тоғыз қабатты тұрғын үйде кешкі сағат 22:00 кезінде өрт шығады.

Қарағандыда 4 ақпанда көпқабатты үйде өрт шығып, бірден сегіз жасқа дейінгі 3 бала иіс тиіп ауруханаға түсті, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметінің дерегін негізге алып. 

Қарағанды қаласы 15-ықшамаудандағы тоғыз қабатты тұрғын үйде кешкі сағат 22:00 кезінде өрт шықты.

-Өрт үйдің 8-қабатындағы пәтерде шыққан, аумағы — 10 шаршы метр. Өрт сағат 22.36-да ауыздықталып, 22:43-те толықтай сөндірілді. 13 адам өрттен құтқарылды, олардың жетеуі- балалар. 2011, 2014, 2018 жылғы балаларға иіс тиіп, ауруханаға жеткізілді, - деп хабарлады құтқарушылар.

Өрттің нақты неден шыққаны әзірге белгісіз.  Жалынды сөндіруге 15 адам мен 8 көлік жұмылдырылған. 

Ұсынған: Әсел Болатқызы

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір