• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 15:57:53
Алматы
+35°

05 Ақпан, 2019 NEWS

Светлана Жақыпова: "Министр Әбілқасымова ауырып жатыр..."

Вице-министр өз мәлімдемесінде ведомствоның көпбалалы отбасыларға қолдау көрсету шараларын қайта қарап жатқандығын айтып өтті

Еңбек және әлеуметтік қорғау вице-министрі Светлана Жақыпова Үкіметтің бүгінгі селекторлық жиынында Астана қаласында болған қайғылы жайтқа қатысты журналистердің сұрақтарына жауап берді. Оның айтуынша, министрлік ұжымы министр Әбілқасымовамен бірге орны толмас қазаға тап болған отбасыға кеше барып көңіл айтыпты, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Вице-министр өз мәлімдемесінде ведомствоның көпбалалы отбасыларға қолдау көрсету шараларын қайта қарап жатқандығын айтып өтті.

Белгілі болғандай, көп ұзамай ол шаралар туралы министрлік айтпақ екен.

Светлана Жақыпованың сөзінше, бүгінде көпбалалы отбасылар мемлекет тарапынан арнайы жәрдемақы мен қосымша төлем алады. Егер қандай да бір отбасының жағдайы тым нашар болса, оларға қосымша әлеуметтік көмек көрсетіледі екен.

-Бұл мәселеге қатысты ешқандай да дау шығармай жауап берейін. Қазір министрлікте көп балалы отбасыларға қолдау көрсету шаралары қарастырылып жатыр. Осы уақытқа дейін бұл бағытта ешқандай да жұмыс жасалмады деп ойламаңыздар. Қазіргі таңға дейін қолдау көрсету жұмыстарына байланысты әлеуметтік тексеріс жүргізілді. Кез келген жағдай факт бойынша дәлелденуі тиіс, - дейді вице-министр.

Журналистердің «Министр Әбілқасымованың өзі қайда?» деген жауабына Светлана Жақыпова:

«Ол өткен аптадан бері ауырып жатыр, сондықтан уақытша демалысқа шықты» - деп жауап берді.

Сондай-ақ, журналистердің, бүкіл жұрттың көкейінде жүрген сұрақ: «Әйел адамдар не себепті түнгі ауысымда жұмыс істейді?» деген сауалға вице-министр еш қиналмастан:

«Бұл әйелдердің - өз таңдауы» - деп жауап берді.

Ұсынған: Назерке Лабихан

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір