• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 16:43:33
Алматы
+35°

05 Ақпан, 2019 Әлеумет

Көп балалы отбасыларға әр елде қандай көмек көрсетіледі?

Дүние есігін ашқан сәби қыз болса 50 мың доллар, ұл болса 200 мың доллар шамасында сыйлық беріледі.

Германия

Дәл осындай жүйе Германияда да бар. Өмірге келген кезекті сәби үшін анасы салық жүйесінен жеңілдік бонус алады. 2015 жылы Германиядан қонаққа келген бұрынғы жерлесіміз (2005 жылы Қазақстаннан көшіп кеткен) «Үшінші ұлым үшін ай сайын 600 евро төлейді. Бала тумастан бұрын жеңілдікпен несие беріп, екі бөлмелі пәтерді үш бөлмеге ауыстырдық. Қоғамдық ұйымдар қысқы-жазғы балалар коляскасын, бала ұйықтайтын манеж және біраз балаларға арналған киім-кешектерді сыйлыққа әкеліп тастады. Германияда түріктер өте көп. Кейбір түрік отбасылары мүлде жұмыс істемейді. Себебі балаларға мемлекет беретін ақшалай көмек өмір сүруіне толық жетеді» деген болатын.

Швеция

Көп балалы отбасыларға елеулі жеңілдіктер бар және ол кезекті сәби туған сайын өсе береді. Сондай ақ, табысы аз отбасылар үшін қосымша жәрдемдер бекітілген. Мысалы: пәтерақы төлеуден босату, мектепке дейінгі балалар мекемелеріне тегін қатысу. Сондай ақ, азық-түлікті тегін алуға арнайы талон беріледі.

Финляндия

Жәрдемақы мөлшері қомақты елдердің бірі. Бір қызығы мұнда Финляндия аумағында босанған барлық әйелге берілетін (қай елдің азаматы болса да) «Шаранаға сыйлық пакеті» бар. Оның ішінде сәби бір жасқа толғанша керек дүниенің бәрі қамтылған.

Польша.

Табысы төмен көп балалы отбасына арнайы жәрдемақы тағайындалады. Егер отбасында мүгедек бала болса және оның күтіміне байланысты ата-анасының бірі жұмысқа шыға алмайтын жағдайда - жәрдемақы мөлшері екі есе артады.

Чехия

Босанатын әйелге жеңілдіктер бекітілген. Өмірге әкелген әр баласы әйелдің зейнетке шығу жасын бір жылға кемітеді. Мысалы, он бала тапса, өз құрдастарынан зейнетке он жыл ерте шығады.

Қытай

«Бір отбасы - бір бала» қатал саясаты 1970 жылдың аяғынан бері күшінде. Қалалық отбасы үшін тек бір балаға, ауылдық жерде екі балаға (егер біріншісі қыз болса) ғана рұқсат. Бұл шектен асып кеткен отбасы үлкен айыппұл төлейді және компартия қатарынан шығарылады. Бейресми деректер бойынша осындай жазадан қорыққан отбасылар «артық» балаларды ресми есепке қоймайды, ел ішінде күндік тамағын асырау үшін кез-келген жұмыстан қашпайтын арзан жұмыс күші жетіп артылады дейді.

Израиль

Төртінші баладан бастап әрі қарай ең кенжесі 18 жасқа толғанша жәрдемақы төлейді.

Біріккен Араб Әмірлігі

Шаңырақ көтерген жас отбасына елдің Неке қорынан әрқайсысына 20 мың доллар өсімсіз несие беріледі. Бұл қаржыны қайтару міндет емес, себебі тұңғыш бала туған бойда бұл қарызды мүлде ұмытып кетеді. Дүние есігін ашқан сәби қыз болса 50 мың доллар, ұл болса 200 мың доллар шамасында сыйлық беріледі. Бұл ақшадан бөлек кішігірім вилла кілтін де қоса тапсырады екен. Жұрттың жүйкесін жұқартпау үшін осы жерден тоқтайық. Қатты білгіңіз келсе, интернет өз билігіңізде...

Әлем бойынша ең «өсімтал» елдер қатарында Нигерия тұр. 2009 жылғы дерек бойынша елдің 1000 азаматына 49 сәби келеді екен. Одан әрі Мали, Уганда, Ауғанстан, Сьерра-Леоне, Буркина-Фасо, Ангола, Сомали, Эпиопия айтылады. Бір жаманы, сәбилердің шетінеуі бойынша да дәл осы елдер алдыңғы орындарды ешкімге бермей тұр.

Кейбір елдерде көп балалы отбасына берілетін жәрдемақы мөлшері: 
АҚШ 200 доллардан бастап;

Франция. Отбасы табысы 5000 евродан аз болса, әрбір отбасы мүшесіне ай сайын 180 евродан бастап;

Германия. Әрбір балаға 170 евро;

Австрия. Әрбір балаға 160 евро;

Ресей. Үшінші баладан бастап сәби 3 жасқа толғанша 6000 рубль.

Қазақстанда мұндай әлеуметтік жеңілдіктер туралы тоқталып жату артық болар. Осы елде өмір сүреміз. Көріп, біліп, естіп отырмыз. Демография мен елдің (ұлттың) болашағына алаңдайтын, халықтың қолдауы мен сүйіспеншілігі керек саясаткерлер мықтап ойлануы керек. Демагогия мен сылдыр сөз қазір өтпейді. Әлеуметтік алшақтық қатты байқалады. «Лашықтар мен алтын сарайда тұратындар бірдей ойлай алмайды» деген ұғым бар. Үкімет мүшелері түгелге жуық долларлы миллионерлер ретінде «Forbes» тізімінде жүр. «Аш бала тоқ баламен ойнамайды. Тоқ бала аш боламын деп ойламайды».

Р.s. Тірілер өлілердің көзін жабады. Ал өлілер тірілердің көзін ашады. Бес сәбидің жаны жаннатта болсын. Алла Тағала панасына алғай. Елдегі әлеуметтік саясат түбегейлі қайта қаралуы керек.

Айшуақ Дәрменұлы

Zhazira Baidaly

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір