• USD 378.65
  • EUR 430.07
  • RUB 6
  • CNY 55.1
19 Тамыз, 13:18:33
Әкімдік қызметкерлері мен БАҚ өкілдері арасындағы аладоп аламаны

05 Ақпан, 2019 Әлемде

"Адамның ішкі ағзасына саяхаттайық". Corpus мұражайынан фотолар легі

Адамның сан еті мен қанның ақ және қызыл түйіршіктерінен басталған сапар бұдан әрі қыза түседі.

Алып адамның ішкі ағзасына кіріп көргіңіз келе ме? Нидерландта бұл әбден мүмкін нәрсе. Себебі елде адам денесінің алып мұражайы бар. Табалдырығын аттаған бойда өзіңді нағыз адамның ішіне еніп кеткендей сезінесің. Qamshy.kz ақпарат агенттігі оқырманын адам ағзасына саяхаттауға шақырады. 

Мұражай Нидерланд астанасы Лейден қаласында орналасқан. Ғимараттың бейнесін адамға ұқсатып жасаған, ал ішіне кірер есігі әлгі «адамның» тізесінде екен. Мұражай бірнеше қабаттан тұрады.

Адам денесі

Ішіне кіретін адамның жүйкесі де мықты болуы тиіс. Себебі адамның түрлі ағзасынан құралған қалаларды көресіз.

Адам денесі

Адамның сан еті мен қанның ақ және қызыл түйіршіктерінен басталған сапар бұдан әрі қыза түседі. Адам ағзасы мұражайы жалпы 7 қабаттан тұрады.

Адам денесі

Әсіресе, бұл физиологияны ерекше жақсы көретін жандар үшін таптырмас мүмкіндік, себебі бәрі шынайы іспеттес. Ішіне кірген адам қанның қызметі, жүрек соғысы, тамыр соғысын бақылап жүретін шыбын-шіркей секілді. Есту қабілеті, бұлшық ет жүйесі, дыбыс байланыстары, сүйектер мен тістері – бәрін тыңғылықты зерттеп алуға болады.

Адам денесі

Әр ағзаның жұмысы арнайы монитордан көрсетіледі, тіпті шынайы даусын да естуге болады. Адам баласы өзін алып адамның ішіне кіріп кеткендей сезінеді. Экскурсия арнайы көзілдіріктермен тіпті қыза түседі.  

Адам денесі

Бір қызығы, мұражайдағы адам ағзасынан ана жатырында жаңа өмірдің, яғни сәбидің пайда болу құбылысы да көрсетіледі екен. Бұл процеске, әсіресе әйел адамдар ерекше қызығушылық танытатын көрінеді.

Адам денесі

Ал кішкентай балаларды секіріп ойнауға болатын «адамның тілі» қызықтырады.

Адам денесі

Мұражай гидтері сапар барысында адамдарға ағзаның әр құрылысын, жұмысын таныстырады. Адам ағзасына зиян келгенде іш құрылысында қандай процесс орын алатынын да мұражайға кіріп, біле аласыз.

Адам денесі

Музей жобасын жасауға 12 жыл кетіпті, ал құрылысы 2 жылға созылған. Жалпы мұражай құрылысы үшін 30 миллион доллар жұмсалған көрінеді. Ғимараттың өзі негізінен әйнектен, ал адам ағзалары тот баспайтын болаттан жасалған. Ғимараттың ұзындығы – 35 метр. 

Адам ағзасы

Дайындаған: Гүлім Жақан

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір