• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 15:41:35
+35°

05 Ақпан, 2019 NEWS

Тірідей өртеніп кеткен 5 баланың ата-анасына баспана алып бермек

Бұл туралы Астанадағы Хазірет Сұлтан мешітінің имамы мәлімдеді

Астанадағы Хазірет Сұлтан мешітінің имамы Наурызбай қажы Тағанұлы халықтан жиналған қаржыға қара жамылған отбасыға пәтер алып беретіндігін хабарлады, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Бес бала ажал құшқан қайғылы жағдайдан кейін Хазірет Сұлтан мешітіндегілер балалардың ата-анасына көмек беру мақсатында қайырымдылық қорын ұйымдастырғаны белгілі. Бүгінде қажетті ақша  жиналып, ол қаржыны отбасыға пәтер алуға жұмсамақ екен.

-Хазірет Сұлтан мешітіне келушілермен бірлесе отырып біз жеткілікті қаражат жинадық. Комиссия жасақталып, қаза тапқан 5 баланың туыстарымен кездескеннен кейін оларға пәтер алуға шешім қабылданды. Отбасы бұл шешімімізге қарсылық танытқан жоқ, - дейді имам Наурызбай қажы Тағанұлы.

Естеріңізге сала кетейік, күні кеше Астана әкімі болған жайтқа байланысты шұғыл жиналыс өткізіп, балаларынан айырылған отбасыға барынша қолдау көрсетуге тапсырма берді.

Ұсынған: Назерке Лабихан

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір