• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 03:27:27
Алматы
+35°

05 Ақпан, 2019 NEWS

Елбасы қаза тапқан бес баланың ата-анасына көңіл айтты

Өрт салдарынан бір отбасы бес бірдей перзентінен айырылып қалды

Қазақстан Президенті Астана қаласындағы өрт салдарынан қаза болған балалардың ата-анасы мен туысқандарына көңіл айтты, — деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Кеше Астанада ауыр қайғылы оқиға болды.

Өрт салдарынан бір отбасы бес бірдей перзентінен айырылып қалды.

Қаза болған балалардың ата-анасы мен туысқандарына көңіл айтамын.

Осыған байланысты мен Үкіметке және Астана қаласының әкімі Бақыт Сұлтановқа зардап шеккендерге қажетті көмек көрсетуді тапсырдым.

Барлық өңірдің әкімдері құзырлы органдармен бірлесіп, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін бақылауды күшейтуі керек, сондай-ақ тиісті тексерістер ұйымдастырып, халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізуі қажет.

Мұндай жағдай қайталанбас үшін барлық тиісті шараларды қабылдау керек", — делінген хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, 4 ақпанда Астана қаласында жекеменшік үй өртеніп, соның салдарынан бес бала қаза болған еді. Өрт болған кезде ата-аналары жұмыста болған.

Ұсынған: Назерке Лабихан

Nazerke Labihan

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір