• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 14:43:10
Алматы
+35°

05 Ақпан, 2019 Айтты-ей, бауырың!

Бес сәбидің өлімі – бар қазақтың ашу-ызасының шегі

Ұлт қасіретінің ісіп-кеуіп жарылатын сәті таяп қалғандай ма, қалай?

Қасиетті Арқадағы ана ұлтымызға жатбауыр, аты жоқ қаладағы бес бүлдіршін қазақ сәбиінің ай мен күннің аманында жалдап тұрып жатқан жаман лашықта өртеніп өлуі – барша Қазақтың ашу-ызасының шегі сияқты әсер етеді маған... 

Ұлт қасіретінің ісіп-кеуіп жарылатын сәті таяп қалғандай ма, қалай?

Ана бір өзге ұлт азаматы біреулердің қолынан өлтіріліп еді, біздің тексіздер қырылып қала жаздаса, мына қазақтың бүлдіршін бес сәбиінің өртеніп өлуі олардың қабырғасын қайыстырмайтын сияқты. Олар құлдық саналы әдеттері бойынша «шүлдір» қағып, сазарып отыр «мәңгілік» тақтарында!..

Отыз жылға жуық өз елі өз жерінде үйсіз, күйсіз, жұмыссыз, қаңғып күн кешкен бір ғана ұлт бар, ол – біздің Қазақ! 

Ал, келімсектер мен кірмелер, аюлар мен сұр жыландар - шіріген байлар шетінен! Оларды байытып, қазақты қайыршы етіп отырған тағы өзіміздің «шүлдірлер»...

Діні мен Тілі теперіш көрген осы мемлекетті құрушы ұлт - қазақтар екені барша адамзат алдында ұят әрі масқара екен! Америкадағы сол елдің негізгі ұлты үндістердің күйін кешкен қайран Қазақ, енді бұдан артық қалай шыдауға болады? Біздің тексіз, ұлттық намыстан жұрдай «шүлдірлермен» ауыз жаласып алған бұлардан ұят кеткелі қашан!..

Бұлардың қазақтың жазықсыз бес сәбиінің мезгілсіз ажалына ештеңелері де қисаймайтын сияқты...
Енді не істеу керек?..

Жұмаш Көкбөрі

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір