• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 08:35:38
Алматы
+35°

05 Ақпан, 2019 NEWS

Халықтың ашуы: 9 ай 9 күн құрсақ көтермеген министр аналардың жағдайын қайдан түсінсін?! (видео)

Бүгін Астана қаласында жантүршігерлік жағдайда қаза тапқан 5 баланы жұртшылық жамағат болып жерлеген болатын

Ағымдағы жылдың 4 ақпанында орын алған қазалы оқиға - 5 баланың өмірін жалмаған апат бүкіл жұртшылықтың қабырғасын қайыстырып, төбесінен жай түскендей күйге душар етті. Бүгін Астана қаласында жантүршігерлік жағдайда қаза тапқан 5 баланы жұртшылық жамағат болып жерлеген болатын. Көз жасын тыя алмаған халық "бұндай қайғы болашақта қайталанбаса екен, жауапты құзырлы органдар адам өміріне бейжай қарамай, ең бірінші, адам капиталына баса назар аударса екен" дейді. Осы сынды пікірлерді әлеуметтік желі қолданушылары жаппай айтып, ашынған жұрт ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Мадина Әбілқасымованың отставкаға кетуін талап етуде. 

Жерлеу рәсімі кезінде түсірілген мына видеода 5 бүлдіршінді ақтық сапарға шығарып салуға келгендердің бірі "жетіспеушіліктің соңы орны толмас қазаға ұшыратты..." - дейді. 

Сондай-ақ, ауыр қазаға душар болған отбасының көршісі олардың біраз уақыттан бері әкімдіктің табалдырығын тоздырып, пәтер сұрап жүргендігін айтты.

"Егер билік бұл отбасының өтінішіне ертерек мән беріп, жағдай жасағанда, мұндай қайғы болмас еді. Қазір мен бес баланың ата-анасының қасына бара алмай да отырмын, оларға не айтып, қалай жұбатарымды білмеймін..." - дейді көршісі.

Ұсынған: Назерке Лабихан

Nazerke Labihan

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір