• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 17:05:07
Алматы
+35°

06 Ақпан, 2019

Димаш Нью-Йоркте үлкен шоу жасамақ

Димаш Құдайберген Нью-Йоркте жеке концертін беруді жоспарлап жатыр.

"Димаш Құдайберген Нью-Йоркте жеке концертін беруді жоспарлап жатыр. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы журналистермен болған кездесуде мәлімдеді" - деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Министр концерттің өтетін күні америкалықтармен жүргізілетін келіссөзден кейін белгілі болатынын айтты.

– Біз қазір Димаштың жеке концертінің жобасын әзірлеудеміз. Бұл жолғы өтетін шоудың ауқымы кең болғанын қалаймыз.  Нью-Йорк шаһарының ең үлкен кешендерінің бірінде, бәлкім «Мэдисон-сквер-гарден» залында өткіземіз, – деді Арыстанбек Мұхамедиұлы.

Министр сондай-ақ, келіссөздердің оңай болмайтынын ескертті.  Ең бастысы, Димаштың үлкен концерт өткізуге ниеті бар. Жобамен 15 мың көрерменге, әйгілі орындаушылардан кем түспейтін шоу жасасау жоспарда тұр.

Ал наурыз айының 22-23 күндері Димаш Мәскеуде жеке концертін өткізеді.

А.Ахметқазы

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір