• USD 383.43
  • EUR 429.83
  • RUB 5.96
  • CNY 55.39

06 Ақпан, 2019 Әдебиет

Сүтке толы кеудең сыздап кетті ме, Ең соңғы рет емейінші, анашым...

Ең кенжесі үш айлық... бес періште кетті ұшып...

Мына жерде күн де, гүл де жоқ екен,

Сезілмейді алақаны анамның.

Көрпе емес, топырақты жамылдым,

Әкетайым, келші... жаурап барамын...

 

Шаттық күнді алып кеттік, ренжіме,

Әке, сізге қалдырдық тек лағыл мұң...

Суық екен жердің асты, анашым,

Құшақташы... иісіңді сағындым...

 

Дене - жерде, жан – көк жаққа жетті де...

Алла бізге сыйлады, Әке, панасын...

Сүтке толы кеудең сыздап кетті ме,

Ең соңғы рет емейінші, анашым...

 

Әке, Ана, жыламаңдар бізді ойлап,

Тағдыр солай, өмір солай... не етеміз?

Алла түбі бір кездесу бұйырар,

Біз Сіздерді жұмақ төрде күтеміз...

 Мақпал Сембай

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

0 пікір