• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 22:29:25
Алматы
+35°

06 Ақпан, 2019 Тәлім мен тәрбие

"Күпірлігімді кешіре гөр!"

Кемесіз суға кетер арандаған, Себепсіз ешбір нәрсе жаралмаған. (Әріп Тәңірбергенов)

Күздің жанға жайлы бір күні Қожа баудағы жаңғақ ағашын саялап жатыр еді. Төбесінен самсап тұрған бармақтай-бармақтай қошқыл жаңғақтарға көзі түскенде, көкейіне бір ой келді. Қол созым жерде дүңкиіп-дүңкиіп жатқан асқабақтар да ойына ой қосты. «Япырай-ау!» деді, «О, Жаратқан Ием, құдыретіңе шек жоқ қой. Бірақ кей істеріңе түсінбеймін. Міне, мұнша алып ағашқа өзіне шақ емес, титімдей-титімдей жеміс іліп қоясың. Әне, жіп-жіңішке шөпке лақтай-лақтай асқабақ байлап қоясың. Түк те сәйкесіп тұр дей алмаймын...». Қожа өз ойының тізгінен бос жібергені сондай, тереңдеп қиял теңізіне батып, шарықтап түпсіз көкке ұшып кетті...

Бір мезгілде маңдайына тақ ете түскен қатты заттан Қожа селк етіп шошып кетіп, басып көтере қалды! Не болды? Қараса, төбесіне төніп тұрған жаңғақтардың бірі үзіліп, дәл оң қабағына келіп тиген екен. Орыны кәдімгідей шымырлап ауырып қалды. Осы сәтте Қожа терең ойланып барып, басын ары-бері шайқай: «О, Жаратқан Ием! Неткен кемелсің! Егер бағанағы мен ойлағандай жаңғақтың орнында асқабақ тұрған болса, не болар ем?! Басым бас емес, табанда шелпек болар еді ғой, ойбай! Күпірлігімді кешіре көр!» - депті.

Ұсынған: Мақпал Сембай

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір