• USD 378.65
  • EUR 430.07
  • RUB 6
  • CNY 55.1
19 Тамыз, 12:21:29
Әкімдік қызметкерлері мен БАҚ өкілдері арасындағы аладоп аламаны

06 Ақпан, 2019 Айтты-ей, бауырың!

"16 мың теңгеге күйіп кеткен ботам-ай..."

Кебініңе жылынып, Қара жерде жат бөпем..

Айналайын, ақ бөпем..
Ақ бөпем ау, ақ көкем..
Кебініңе жылынып,
Қара жерде жат бөпем..

Әлди, әлди сүйгенім..
Қызыл отқа күйгенім..
Тойып тамақ ішпедің,
Бүтін киім кимедің..

Кешір мені, кеш күнім..
Не сұмдықты естідім..
Тар бөлмеге тығылып,
Күлге айналған бес гүлім..

Әлди, әлди құлыным..
Лап етті ме, бұрымың...
Көк түтінге тұншығып,
Шыр-шыр еткен шыбыным..

Өлім неге оп-оңай..
Неткен қайғы о тоба-ай..
16 мың теңгеге
Күйіп кеткен ботам-ай..

Кешіре алсаң, кеш ботам..
Қабыл болмай еш батам..
Бес күн жалған дүниеге
Сыймай кеткен бес ботам..

Әлди, әлди ақ бөпем..
Жер бесікке жат бөпем..

Айнұр Тұрсынбаеваның Instagram парақшасынан алынған

Ұсынған: Әсел Болатқызы

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір