• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 04:30:06
Алматы
+35°

06 Ақпан, 2019 Айтты-ей, бауырың!

Елбасымыз "қазақтың санын көбейтейiк" деп жолдау барысында, сондай-ақ мiнберлерде,  халықпен кездесулерде де айтқаны белгілі. Халық демографиялық өсімді көбейтіп,  бiр отбасыда кемi 2-3, көбi 7-8 балаға дейiн дүниеге әкелді. Ал, мемлекет тарапынан соған жағдай жасалды ма? Тар қапаста, бiр бөлмеде 5 баланы қалай бағасың? Қалай тамақ тауып бересiң? Қалай несие алмайсың? Қалай күйеуi мен әйелi балаларын ұйықтатып түнiмен жұмыс жасамасын? Қалай?

Бiр отбасының айлық көрсеткiшi 500 мың теңге дедi? Кiм шығарды, бұл статистиканы? Кiм апарды ондай ақпаратты Елбасының алдына? Ерiм дейтiн ел болмаса, елiм дейтiн ер қайдан болсын, осыдан кейiн.

Еңбек және әлеуметтiк қорғау министрi, Мадина Әбiлқасымова "Мен көпбалалы ана емеспін, әрине. Бірақ 16 000 мың теңге көп балалы анаға өте көп" деп сайрады. Құдай басыңа бала берсiн, 1 емес, 10 бала берсiн, сол 16 000 мың теңгемен өмiр сүрiп көр, ендеше. Ал оның орынбасары: "Неге олар түнiмен жұмыс жасау керек?" деген сұраққа, "Это - их выбор!", деп қанды басқа шаптырды. Жетiскеннен түнiмен жұмыс жасап жүр ме?

Ойланып отырып мынаған тоқталдым. Қарайған халық далада тентiреп жүргенде, елiмiздi сыртқа өтiрiк жақсы жағынан көрсетiп не керек деп ойладым. ЭКСПО-ны не үшiн салдық, қарайған ақшаға? Қазiр қаңырап бос тұр. Астананың 20 жылдығына әр өңiр миллиардтап сыйлықты не үшiн сыйлады? Қазiр соның пайдасы тиiп жатыр ма?

Қараңыз:

ЭКСПО-ны салған 565,1 млрд теңгеге Астанада (кешегi оқиға Астанада болды) 2 бөлмелi пәтер бағасын минимум 19 млн теңге деп алсақ, 29 000 отбасыға пәтер алып беруге болады екен шамамен. Ал, сол ақшаға баспана салсақ, шамамен 50 мың отбасыны баспаналы етуге болады екен.

Ендi, Астананың 20 жылдығына әр өңiр сыйлаған сыйлыққа кеткен қаржы:
* БҚО / 23 млрд тг : 19 млн = 1200 отбасы.
* Ақтөбе облысы / 1,8 млрд тг : 19 млн = 94 отбасы.
* ШҚО / 251 млн тг : 19 млн = 13 отбасы
* Павлодар / 474 млн тг : 19 млн = 24 отбасы.
* Ақмола облысы / 128,5 млн тг : 19 млн = 6 отбасы.
* Алматы облысы / 1,084 млн тг : 19 млн = 57 отбасы.
* Қызылорда облысы / 1,5 млрд тг : 19 млн = 78 отбасы.

Демек, қашан елім дейтін азаматтар мен азаматшалар билік басына келмейінше биліктен қайыр жоқ!
Мұсылмандардың басшысы болған атақты халифа Омар (р.а) кезінде мынандай бір оқиға болған. Бір қаланың әкімін тағайындамақ болған кезде алдына әлгі әкім келеді. Сонда халифаның жанында ойнап жүрген баласы жүгіріп келеді. Халифа баласының басынан сипап жақсы көрсе әлгі әкім таңырқап "сіз де балаңызды осылай еркелетіп жақсы көресіз бе? Мен мүлдем олай жасаған емеспін" деп таңырқайды. Сондағы халифа "өз баласына мейірім көрсете алмаған адам қалайша халқына мейірімді болсын", деп әлгі әкімді орнынан алып тастаған екен. Бұл біз үшін үлкен мысал. Кешегі Астанада болған оқиғаға байланысты Әбілқасымованың орынбасарының жауабы мен өзінің 16 мың теңгені көпсінгені иман мен адамгершіліктің жоқтығы, биліктің сойылын соққан туфли жалағыштығы деп білем. Иман мен адамгершілік бір адамның бойынан табылмаса, оның алған білімі ешқашан пайда бермейді.

Біз биліктен үміт күтіп отыра берсек, дәл кешегі жағдай басқа да бауырларымыздың басында болмасына кім кепіл?! Өз ортамыздан ерікті қор құрайық, жан -жағымыздан бастап бір бірімізге көмектесейік, ағайын!

Нұрболхан Шараповтың Instagram парақшасынан алынған

Ұсынған: Әсел Болатқызы

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір