• USD 378.65
  • EUR 430.07
  • RUB 6
  • CNY 55.1
19 Тамыз, 11:40:52
Әкімдік қызметкерлері мен БАҚ өкілдері арасындағы аладоп аламаны

06 Ақпан, 2019 NEWS

5 қыз тірідей өртеніп кеткен үйдің егесі 7 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін

Астана қаласында 4 ақпан күні болған өртке қатысты құзырлы органдар үйдің егесін жауапқа тартпақ

Астана қаласында 4 ақпан күні болған қазалы оқиғаға қатысты құзырлы органдар үйдің егесін жауапқа тартпақ. Адвокакат Жандос Тұяқовтың айтуынша, 5 қыз тірідей өртке оранған жалдамалы пәтердің иесі 7 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін екен. Бұл жайында Qamshy.kz ақпарат агенттігі Астана арнасының мәліметіне сүйене отырып жазады.

Адвокаттың сөзіне сенсек, тұрғын үйдің иесі осы уақытқа дейін бірнеше рет өрт қауіпсіздігіне қатысты құзырлы органдардың нұсқаулықтарын алған. Оның айтуынша, пәтердің егесі сөзсіз қылмыстық жауапқа тартылады және бұл іске қатысты сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізілетін болады. Тергеу барысында қажетті сараптамалар жасалады.

-Тірідей өртеніп кеткен бүлдіршіндер паналаған тұрғын үй өртке қарсы қауіпсіздік шараларына сай келмегендіктен бұл оқиғада сол пәтердің иесі жауапқа тартылатын болады. Оны ҚР қылмыстық кодексінің 292 бабына сәйкес қылмыстық жазаға тартады»-, - деп айтып өтті Тұяқов.

Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылдың 4 ақпанында Астана қаласында бес бірдей бүлдіршін тірідей өртеніп кеткен болатын. Ата-анасы бұл кезде түнгі ауысымда жұмыста болған.

Ұсынған: Назерке Лабихан

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір