• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 22:23:14
Алматы
+35°

06 Ақпан, 2019 NEWS

Мадина Әбілқасымова: Мен де анамын...

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Мадина Әбілқасымова блогер Денис Кривошеевтің сұрағына жауап берді

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Мадина Әбілқасымова блогер Денис Кривошеевтің сұрағына жауап берді, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Блогер Кривошеев министрден тірідей өртке оранып қаза тапқан 5 балаға қатысты сауал қойған. Ал министр өз кезегінде блогерге былай деп жауап беріпті:

«Бұл қайғылы оқиға тек бір ғана отбасының емес, барша халықтың қабырғасын қайыстырып, жүрегіне жара салды. Барлық туыстары мен ата-анасына қайғыра көңіл айтамын. Мен де анамын, қандай қиын екенін білемін, бұл – орны толмас қаза. Жаратқан отбасына жар болсын.

Осыған байланысты біздің министрлік алдағы уақытта қосымша әлеуметтік көмек пен тұрғын үйге қатысты көмегін ұсынады. Әлеуметтік жағдайы төмен барлық отбасыға тиісті көмек көрсетілетін болады».

Кеше Үкіметтің селекторлық жиналысында вице-министр Светлана Жақыпова өз сөзінде "министр Әбілқасымованың қайғылы жағдайға душар болған ата-анаға барып көңіл айтты" деген болатын. Белгілі болғанындай, аталмыш министрлік бұл отбасыға материалдық және моральдық тұрғыда көмек көрсетіпті. Қазіргі уақытта Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі еліміздегі барлық көпбалалы және жағдайы төмен отбасыларға әлеуметтік көмек көрсету мәселесін қарасытыруда.

Ұсынған: Назерке Лабихан

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір