• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 14:40:16
Алматы
+35°

06 Ақпан, 2019 Әлеумет

"5 баласынан айырылған отбасының жағдайы төмен емес"

Сондай-ақ вице-министр бес баласынан айырылған отбасы тиісті жәрдемақыны алып отырғанын айтып өтті.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Светлана Жақыпова үкімет отырысында Астанадағы бес баласынан айырылған отбасының тұрмысы төмен емес екенін айтты деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

"Әкімшіліктің ақпараты бойынша, бұл отбасы тұрмысы төмен отбасының қатарына жатпайды. Отбасының кіріс қаражаты жеткілікті болған", дейді вице-министр. 

Министрдің сөзіне сүйенсек, бес баланың анасы еңбек келісімшарты бойынша, жас босанған ана ретінде қосымша уақыт беріледі екен. Сондай-ақ бес баланың анасы түнгі ауысымға шықпауына рұқсат етілген. 

"Аталмыш отбасыға төтенше жағдай өкілдері екі рет келген. Отбасының жағдайын көрген олар әлеуметтік қорғау орындарына хабарласып, мән-жайды айту керек еді. Балалардың ата-анасы болса, олар әлеуметтік көмек сұрамағанын айтты", -дейді вице-министр. 

Сондай-ақ вице-министр бес баласынан айырылған отбасы тиісті жәрдемақыны алып отырғанын айтып өтті. 

Еске салсақ, 4-ақпанда Астана қаласында үй өртеніп,  бір отбасы бес бірдей баласынан айырылды. 

Ұсынған: Әсел Болатқызы

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір