• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 03:23:52
Алматы
+35°

06 Ақпан, 2019 Айтты-ей, бауырың!

Тоқтар Әубәкіров: Жастар өзге тілді білуі керек, бірақ ана тілін жақсылап игеруі тиіс

Жастар өзге тілдерді білуі керек, бірақ бірінші өз тілін жақсылап игеруі керек. «Патриотизм» деген сол.

 Қазіргі жастар Тоқтар Әубәкіровтей батыр тұлғадан көбірек үлгі алуы керек. Қазақтың тұңғыш ғарышкері Тоқтар Әубәкіровтің тіл мен елжандылыққа қатысты ұлағатты сөзін Qamshy.kz ақпарат агенттігі оқырман назарына ұсынады.

«Отан» деген арғы уақыттан келе жатыр, ол анамен тең. Отан – ана. Отанды сатқаның, анаңды сатқанмен тең. Отанға ерекше махаббат керек. Махаббат қызға емес, ерге емес, анаға қандай махаббат болады, Отанға сондай махаббат қажет. Сонда тұлға болып өсесің. «Патриотизм» содан шығады. "Біреуді менің Отанымды жамандады" деп сабаған патриотизм емес. Оның ерекшелігі мынада жатыр деп түсіндіру керек. Ол үшін өз Отаныңды қатты сүюің керек. Ал ол қазіргі жастарда бұл азайып барады. Патриотизм қазіргі таңда біраз ұмытылып қалды. Совет үкіметі кезінде  патриоттық сезім саясатпен бірге еді.

Қасымыздағы үлкен Қытайда миллиардтан астам халық бар. Соларға кішкентай кезінен өз Отанын сүю, өз жерін сүюді ұқтырады, соған үйретеді. Ал бізде ол мектепте де жоқ. Біраз ақшамыз пайда болса, жүгіріп ағылшын, неміс мектебіне баламызды береміз. Өзіміздің мектепте өз тіліміз жоқтай! Ана тілді ұмытпау керек. Бұрынғы уақыт өтті, кетті. Бұрын айтушы еді «орыс тілін білмесең, адам болмайсың» деп. Шындығында да орыс тілін білмесең сені ешқандай жерге алмайтын, қара жұмыс болмаса, басқасы жабық болатын. Қазіргі уақытта біз өзіміздің егемен мемлекетімізде, Қазақстанда тұрып жатырмыз. Біздің сондықтан патриоттық сезіміміз оянуы керек. Өз тілімізбен сөйлеп, өзімізді мақтап, қайда жүрсек те, соны көтеруіміз керек.

Көшеге шықсақ қазақша сөйлеуге ұяламыз. Орысша сөйлеп кетеміз, ағылшынша сөйлеп кетеміз. Қазір жастар ағылшын тілін жақсы, тамаша үйренуде. Дұрыс. Адам бір тілмен өмір сүре алмайды. Жеті жұрттың тілін білген адам қайда жүрсе де, өзін-өзі ұстап жүре алады. Біз секілді болмайды. Жастар өзге тілді білуі керек, бірақ ең бірінші өз тілін жақсылап игеруі тиіс. «Патриотизм» деген сол!

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір