• USD 378.65
  • EUR 430.07
  • RUB 6
  • CNY 55.1
19 Тамыз, 11:42:02
Әкімдік қызметкерлері мен БАҚ өкілдері арасындағы аладоп аламаны

06 Ақпан, 2019 NEWS

Әлемдегі жалғыз сымсыз қанайналым құрылғысы 24 жастағы жігіттің жүрегіне орнатылды

Қазақстандық хирургтер сымсыз қанайналым құрылғысын орнату операциясын жасады

Әлемдегі жалғыз сымсыз қанайналым құрылғысы 24 жастағы Исмаил Тұрсыновтың жүрегіне орнатылды, деп xабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

«Мен оны ғарышқа ұшқан космонавтқа теңейтін едім. Себебі оған әлем бойынша алғаш рет инновациялық құрылғыны орнату операциясы жасалды. Науқас болып түскенде ол өз бөлмесінен шыға алмайтын, қатты демікпесі болды. Сол себепті үнемі дәрігерлердің бақылауында жүрді. Қазір жағдайы жақсы, далада қыдырады, спорт залында жаттығады, тіпті, бассейнге де түсе алады», - деді «Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығы» АҚ басқарма төрағасы Юрий Пя Орталық коммуникациялар қызметінде.

Жаңа аппараттың батареясы кеуденің ішінде сол жақта орнатылған. Оны арнайы белбеу арқылы магниттік толқынмен зарядтайды. Ал арнайы қолсағат жүректің соғуын, қанның қысымын және тағы басқа мәліметтерді көрсетіп тұрады. Ал қанайналым құрылғысын зарядтау оңай, оның қуаты 8 сағатқа жетеді.

Кардиохирургия

Инновациялық құрылғы Израильде жасалған. Оның қызметі кәдімгідей кардиостимулятормен бірдей.

«Бұрын денеден сым шығатын жерде бактериялар жиналатын, ол жерді үнемі емдеп отыру қажет. Ал жаңа құрылғыда ондай сымдар жоқ. Үлкен сөмкені бірге алып жүрудің қажеті де шамалы. Адам ешбір кедергісіз жүре алады, душқа түсе алады және тағысын тағы. Аталған аппарат адамның ағзасына толығымен орнатылады. Соның нәтижесінде өмір сүру сапасы да жақсарады», - деп атап өтті Ю.Пя.

Оның айтуынша, алғашқы операциядан кейін Исмаил Тұрсынов дәрігерлердің бақылауында болады. Бәрі сәтті болса, жаңа теxнологияның куәлігін алу жоспарланған. Содан кейін оны тегін медициналық көмектің санатына қосуға болады. Сол кезде инновациялық құрылғыны қазақстандықтарға тегін орнатуға мүмкіндік бар.

Айта кетсек, желтоқсан айында әлемдегі алғашқы сымсыз қанайналым құрылғысын орнату операциясын қазақстандық кардиохирургтер командасы мен Чехия, Израиль, Италия және АҚШ серіктестері бірлесіп Қазақстанда жасаған болатын.

Ұсынған: Назерке Лабихан

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір