• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 16:57:04
Алматы
+35°

06 Ақпан, 2019 Әлем

Жолаушылар көрмеуі тиіс кадрлар (видео)

Дәл осы сәтте жолаушылардың өз көздерімен көрмегені – өте дұрыс болған! Жүйке жүйелеріне де, жүректеріне да солай болғаны жақсы...

 Ескерте кететін бір жайт, youtube.com желісіндегі бұл видео бүгінгі таңда 5 757 331 көрілім жинаған, 31 мың адамға ұнап, 370 адамға ұнамай, 1 772 адам пікірін жазған екен.

Бұл видеоны ұшақтың кабинасынан үнді ұшқышы түсірген.

Жерге қонған соң, ол видеоны ғаламторға жүктеп: «Бұл ұшқыштың ылғи көретін, бақытына орай, жолаушылардың көрмейтін көрінісі» деп жазды. Бұл кадрларға қарасаң, ұшқыштың неге дәл солай жазғанын түсінікті болады.

Кабинадағы камера ұшақтың Жаңа Зеландияда орналасқан Квинзтаун қаласына қону барысын түсірген. Ең бірінші таңдай қақтыратын нәрсе – айналаны қоршаған сұлулық: тау шыңы, мамық бұлт! Қарасаң, көз тоймайды, шіркін!

Алайда, кенеттен ұшқыш ұшақты тау жаққа қарай бұрып, бұлттың ішіне «күмп» береді! Қарап отырып-ақ, қорқыныштан жүрегің дір ете қалады! Қысқасы, бірнеше секундтан кейін-ақ ұшқыштың дұрыс бағыт алғанына көз жеткізесің.

Дәл осы сәтті жолаушылардың өз көздерімен көрмегені  өте дұрыс болған! Жүйке жүйелеріне де, жүректеріне да солай болғаны жақсы... Тыныштық керек!

Аударған: Мақпал Сембай

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір