• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 15:54:43
Алматы
+35°

07 Ақпан, 2019 Айтты-ей, бауырың!

Мына халық неге ақша жинағыш болып алған?

Сонда мемлекет өз қызметкерінің отбасына көмек бере алмай ма?

Қазіргі таңда бір адамның қиын жағдайға түсіп қалғаны елді елең еткізсе, қазақстандықтар дереу шот аштырып, ақша жинағыш болып алған.

Тіпті кешегі балаларынан айырылған баспанасыз отбасы секілді жағдайға ғана емес, браконьерлер қолынан қаза тапқан Ерлан Нұрғалиев үшін де шот аштыруды сұрап жатқандардың қарасы мол болды.

Қарап көріңізші, ел мүддесі, мемлекет мүддесі үшін өмірін қиған, қызмет бабымен қаза тапқан батырдың отбасына неге ақша бергісі келді? Сонда мемлекет өз қызметкерінің отбасына көмек бере алмай ма?

Біздің халық неге жомарт бола қалды?

Жауабы біреу-ақ: қазір қазақстандықтар мемлекетке сенуден қалған!

Қалай сенсін, әлем бізді таныды, яки танысын деп, ақша шашу, көпірте мақтау...

"Астанада құрылыс дамып жатыр" дейміз, адамдар жеркепеде тұрып жатыр, "Жасыл энергия" деп ЭКСПО өткіземіз, балалар көмірден уланып жатыр.

Әбден көңілі қалған халық мемлекеттің өзі үшін құрбан болған батырына да көмектеспейтінін біліп, өз күштерімен бір-біріне қарайлауға көшті.

Бұрын тоқсаныншы жылдары да мемлекеттен үміт күтпей, өз күндерін көруге кірісіп, базарға шығып кеткен, енді өзгелерге көмектесуге көшкен.

Келесі этап, өздері істеуден шаршап, қоғамның ортақ мүддесін мемлекетке қайта артуын талап етуі мүмкін. Ал ондай жағдайды бейбіт өтеді деу қиын...

Саясат Идеятұлының Facebook-тегі парақшасынан алынды

Ұсынған: Гүлім Жақан

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір