07 Ақпан, 2019 NEWS
Павлодар облысында бүтіндей бір отбасы ыстан уланып қайтыс болды
Белгілі болғандай, анасының аяғы ауыр, ішіндегі баласы 5 айлық болыпты
Павлодар облысында тағы бір отбасы түгелдей ыстан уланып қайтыс болды, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
Павлодар облысы Баянауыл ауданы Ұзынбұлақ ауылында бүтіндей бір отбасы – әкесі, анасы және екі баласы ыстан уланып көз жұмды. Қайғылы хабар төтенше жағдайлар департаментіне кешкі 21:30-да келіп түскен. Белгілі болғандай, анасының аяғы ауыр, ішіндегі баласы 5 айлық болыпты.
«06.02.2019 жылы сағат 21:30-да Баянауыл ауданы Ұзынбұлақ ауылының әкімдігінен Павлодар облыстық төтенше жағдайлар департаментіне хабар келіп түсті. 14 шаршы метрді құрайтын жеке тұрғын үйде 4 адамның мәйіті табылыпты. Олар: Бекболатов Рустам – 1979 жылғы, Бекбатырова Наталья – 1980 жылғы, Бекбатырова Динара – 2004 жылғы, Бекбатыров Дамир – 2007 жылғы. Ауыл тұрғындарының айтуынша, Наталья жүктіліктің 5 айында болған. Әкесі мен анасы уақытша жұмыссыз жүріпті. Ауыл әкімі М.А.Мұқановтың айтуынша, отбасы түтіннен уланып қаза тапқан. Оқиға орнында жауапты мекеменің қызметкерлері және кезекші прокурор тексеріс жұмыстарын жүргізуде», - делінген облыстық төтенше жағдайлар департаментінің хабарламасында.
Деректерге сәйкес, олардың 17, 18 жаста тағы екі қыздары бар екен. Олар аудан орталығында оқитындықтан үйлерінде болмаған.
Ұсынған: Назерке Лабихан
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір