• USD 378.65
  • EUR 430.07
  • RUB 6
  • CNY 55.1
19 Тамыз, 11:52:52
Әкімдік қызметкерлері мен БАҚ өкілдері арасындағы аладоп аламаны

07 Ақпан, 2019 Әдебиет

Əр қазақ оқуы тиісті 50 кітап

"Кітапханасы жоқ үйден не ұрлауға болады"

"Кітапханасы жоқ үйден не ұрлауға болады" деген бір ғұламаның жазғаны бар еді. Бала кезде әке-шешеміздің жинаған кітаптары қонақ бөлмедегі серванттың бір бөлігін алып, 6-7 сөреде қаз-қатар тізіліп тұрушы еді. Әлі де тұр. Ол жерден мектепке енді барған баладан бастап, еңкейген қартқа дейін қызығушылығын оятатын түрлі тақырыптағы, түрлі жанрдағы кітаптарды табасың. "Балдырған", "Ұлан", "Егемен Қазақстан", Жетісу" дейсің бе... жылда жазылатын әртүрлі газет-журналдардың түбін тесіп, жіпке байлап, түптеп, бір сөреге жинап қоятындары тағы бар... Еһ, сол ғой нағыз қазына, нағыз байлық қой! Сол кісілер сол кітаптарды бір күнде ала салған жоқ. Оқушы кезден, студент кезден бастап жинағандары, сыйлыққа алғандары, сатып алғандары...

Қазір ше? Сыйлыққа кітап беру - сирек құбылыс. Кітап сатып алғанша, телефонға қап, не тағы бір пайдасы аз нәрсе алғанды жөн көретіндер де бар шығар. Дегенмен, кітап жастап жатпаса да, аптасына бір кітап бітіріп немесе мына кітаптарды оқимын деп жоспарлайтын жастар да баршылық. «Бес саусақ бірдей емес», әрине.

Ғалымдардың зерттеуінше, компьютерден, телефоннан қарап оқыған ақпараттан гөрі, қолмен ұстап отырып оқыған, яғни кітап, қағаз бетіндегі тасқа басылған көркем дүние адам жадында ұзақ сақталады екен.

Ендеше, Алматы Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі ұсынған "Әр ҚАЗАҚ оқуы тиіс 50 кітапты" Qamshy.kz  ақпарат агенттігі назарларыңызға ұсынады.

  1. Мұхтар Әуезов. «Абай жолы»
    2. Сәбит Мұқанов. «Аққан жұлдыз»
    3. Әбдіжәміл Нұрпеисов. «Қан мен тер»
    4. Шерхан Мұртаза. «Қызыл жебе»
    5. Мұхтар Мағауин. «Алдаспан»
    6. Ілияс Есенберлин. «Көшпенділер»
    7. Әлжапар Әбішев. «Найзағай»
    8. Зейін Шашкин. «Тоқаш Бокин»
    9. Әнуар Әлімжанов. «Ұстаздың оралуы»
    10. Тахауи Ахтанов. «Боран»
    11. Төлен Әбдіков. «Ақиқат»
    12. Дулат Исабеков. «Қарғын»
    13. Оралхан Бөкеев. «Қайдасың, қасқа құлыным?»
    14. Мұхтар Мағауин. «Көк мұнар»
    15. Шоқан Әлімбаев. «Даналық субстанциясы»
    16. Марат Қабанбаев. «Қазақ қайда барасың?»
    17. Бердібек Соқпақбаев. «Өлгендер қайтып келмейді»
    18. Бауыржан Момышұлы. «Ұшқан ұя»
    19. Ғабит Мүсірепов. «Ұлпан»
    20. Жүсіпбек Аймаутов. «Ақбілек»
    21. Смағұл Елубаев. «Ақбоз үй»
    22. Қалихан Ысқақов. «Қара орман»
    23. Рамазан Тоқтаров. «Бақыт»
    24. Дүкенбай Досжанов. «100 әңгіме»
    25. Шерхан Мұртаза. «Ай мен Айша»
    26. Сәкен Жүнісов. «Ақан сері»
    27. Ақан Нұрманов. «Құланның ажалы»
    28. Ғабит Мүсірепов. «Кездеспей кеткен бір бейне»
    29. Тұтқабай Иманбеков. «Құт ағашының көлеңкесі»
    30. Тынымбай Нұрмағанбетов. «Қауын иісі»
    31. Мұхтар Әуезов. «Қараш-қараш»
    32. Әбіш Кекілбаев. «Үркер»
    33. Әнуар Әлімжанов. «Махамбеттің жебесі»
    34. Олжас Сүлейменов. «Аз и Я»
    35. Әзілхан Нұршайықов. «Ақиқат пен аңыз»
    36. Марат Қабанбаев. «Бақбақ басы толған гүл»
    37. Оспанхан Әубәкіров. «Ымды білесің бе?»
    38. Әнуар Әлімжанов. «Жаушы»
    39. Баққожа Мұқай. «Өмір зая»
    40. «Бес ғасыр жырлайды»
    41. Асқар Сүлейменов. «Бесін»
    42. Ілияс Есенберлин. «Алтын орда»
    43. Сопы Сматаев. «Елім-ай»
    44. Қабдеш Жұмаділов. «Соңғы көш»
    45. Сейдахмет Бердіқұлов. «Пердесіз көңіл»
    46. Шәрбану Құмарова. «Әйел бақыты»
    47. Марат Қабанбаев. «Сурет салғым келмейді»
    48. Әбдіжәміл Нұрпеисов. «Сен»
    49. Зейін Шашкин. «Сенім»
    50. Бердібек Соқпақбаев. «Балалық шаққа саяхат» 

Ал Сіз осы  аталған кітаптардың нешеуін оқыдыңыз?

"Әр ҚАЗАҚ оқуы тиіс 50 кітап" тізіміне Сіздің ойыңызша, тағы да қандай кітап енуі тиіс?

Ұсынған: Мақпал Сембай 

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір