• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 04:26:10
+35°

07 Ақпан, 2019 Әлем

Карл Маркстың қабірін қиратып кетті

Пролетариат көсемі Карл Маркстың қабіріне бірнеше рет қастандық жасалған.

                      

 

 Лондондағы Хайгейт қабірстанындағы  қаба сақал коммунист Карл Маркстың моласына  қойылған құлпытасын  белгісіз біреулер балғамен аяусыз шағып кеткен. «Friends of Highgate Cemetery»  қорының директоры Иэн Дангвелл  «Guardian» газетіне берген сұхбатында  Марстың қабірін қорлауды «саяси көзқарасты түсініксіз түрде білдіруге» балапты.

 Карл Маркстың қабіріндегі ескерткіші 1956 жылы арнайы түрде ашылған. «Біз мұны Карл Марксқа  қарсы әдейі ұйымдастырылған акция деп ойлаймыз. Бұл кекздейсоқтық емес. Суреттен көріп тұрғандарыңыздай, шабуылдаушылар  бар күштерімен Карл Маркстың есімін өшіруге тырысқан» дейді Дангвелл.

 Лондон полициясы сұрау салу мен тексерістен соң тергеуді жаңа ақпарат шыққанға дейін тоқтата тұруды жөн көріпті.

Маркс Хайгейт қабірстанына 1881 жылы жерленген, ал ескерткіші 1956 жылы арнайы түрде ашылған.  

 1970 жылы басбұзарлар Маркстың ескерткішін қолдан жасалған бомба арқылы жойып жіберуге талпыныс жасаған. Бұл жерде Карл Маркспен бірге оның әйелі Женни Маркс және отбасы мүшелері жерленген.

Айтпақшы, «Дракула қанының дәмі» атты қорқынышты фильмдер осы Маркс жерленген «Хайгейт» қабірстанында түсірілген. Бұл қабірстанды вампирлер мекендейді деген қорқынышты әңгіме де әлемге тараған.

          

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір