• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 22:28:43
Алматы
+35°

07 Ақпан, 2019 Айтты-ей, бауырың!

"Түшшш, Косарев көріп қоймасын..."

Зырылда-а-а-п жұмысқа келдім, кіремін де, шығамын. Атам көріп қойса, ұрсып жүрер.

Айтпаңдар, иә? Зырылда-а-а-п жұмысқа келдім, кіремін де, шығамын. Атам көріп қойса, ұрсып жүрер. "Бір жастағы балаңды қалай тастап кетесің?" десе... "Йолки", депутаттан ұрыс естіген жаман ғой. Қайдан білсін, өзі қол қойған заң бойынша берілетін 12 мың теңге жәрдемақысын "балаң 1-ге келді" деп тоқтатып тастады. Қуа ма деймін? Өздері жұмыс істемеңдер дейді? Енді кеп жәрдемақы бермейді. Онда "Аташка", сіз зейнетақсы аласыз, оның үстіне "депутатский" айлық аласыз ғой, иә! Үйде шемішке май таусылып тұр, үлкен қыздың "калготкиі" тесіліп қалыпты, сосын ше, осы айға жарыққа - 5000, жылуға - 6000, модернизацияға - 5000,суға - 2000, газға - 500, өмірі жұмыс істемейтін КСК-мыз бар, ол бәлеге де + 540 теңге төлеп бере аласыз ба? Не істейін, шотымды салып жіберейін бе? Үйде ешкім жұмыс істемейді! "Сіз ұрыспасын" деп мен де үйде боламын енді.

Қойши-и-и, Косарев асырайды ғой.

 Айтпақшы, азанда Тоқанай ("Ол кім?" деп тұрсыз ба, үлкен қызым ғой 2-сыныпта оқиды) "мама, мектепке ақша берсей" дейді. "Косаревтен сұра" дедім. "Мама, ол, кім?" деп таң қалады. "Ой, атаң бар, кө-ө-өп ақша салады" дедім. Ұялтпаңыз енді мені. Күтеміз! Давай, аташка! Сізге сенемін! Алданып қалмайық! Сіз бағады деп үйде отырып, аштан өлсек, өлә-ә-ә, позор ғой. Жұрт айтады ғой, екі аяқ, екі қолдары сау жұмыс істемей ме деп? Мен енді айтып жүрем: "атам асырайды, қам жеме, Қарлығаш, балаң 3-ке толғанша отыра бер" деп. Жақсы, Ата! Ақша ұмытпаңыз, әзірге дочамның "калготкиін" тігіп бердім. Сізден ақша күтіп жүргенде, тесіліп түсіп қалмасын. Давай, тез, тез салыңыз АҚШАНЫ!

Қарлығаш Әбдірахманованың Facebook-тегі парақшасынан алынды

Ұсынған: Гүлім Жақан

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір