• USD 383.43
  • EUR 429.83
  • RUB 5.96
  • CNY 55.39

11 Ақпан, 2019 Денсаулық

Ұзақ жасағың келсе, жүрегіңді аяла!

Бүгінгі таңда жүрек- қан тамыры ауруларының алдын- алу үшін есте сақтайтын маңызды нәрселер.

Жүрек-қан тамыры аурулары, өкінішке қарай, әлемнің көптеген елдерінде денсаулық сақтаудың басты проблемаларының біріне айналып отыр. Ол көбіне ересек адамдарды не мүгедектікке шалдықтырады немесе өлімге әкеліп соқтырады. Жалпы өлім-жітімнің 52 пайызын жүрек-қан тамыры аурулары құрайды. Еуропада жыл сайын осы ауру салдарынан шамамен 3 миллион адам қайтыс болса, Ресейде 1 миллион, ал Қазақстанда 80 мың кісі осы аурудан көз жұмады. 

Жүрек-қан тамыры ауруларына әкеліп соқтыратын басты себеп адамдардың өз денсаулығына көңіл бөлмеуінен десек, сонымен қатар жағымсыз экологияның да салдары жетерлік. Әсіресе, соңғы жылдары инфаркт пен инсульттен болатын өлім тым жиілеп барады. Оның негізінде, атеросклероздан басқа, адамдардың жүйке жүйесінің шаршауы, олардың дәрменсіздікке ұшырап, депрессияға түсуі жатыр.

Жүрек - адам ағзасындағы қан айналымын қамтамасыз ететін ең маңызды мүше. Біз көп жағдайда жүрегімізді байқамай ауыртып аламыз. Психологтардың айтуы бойынша жүрек ауруына ең алдымен бір нәрсені жүрегіне жақын қабылдайтын адамдар шалдығады екен.

 Адам ең алдымен өзін-өзі жақсы көріп, өз жүрегімен санасып әрекет етсе, ондай қиындықтарға тап болмайды. Кез-келген істі біреудің көңілін табу үшін емес, өзіңіздің жан рахатыңыз үшін жасауыңыз керек. Сол кезде жүрекке салмақ түспейді. 

Сонымен қатар, бүгінгі таңда жүрек-қан тамыры ауруларының алдын-алу үшін мынадай маңызды нәрселерді есте сақтау керек:

  1. Ең алдымен темекіден толықтай бас тарту қажет;
  2. Тиімді тамақтану ережелерін сақтау;
  3. Майлы тамақтардан бас тарту, тұздың мөлшерін азайту - тәулігіне 4 грамм, құрамында калийі мол (бұршақ, өрік, құрма, теңіз қырыққабаты) тамақтарды көп, сарыуызды барынша аз пайдалану;
  4. Көкеніс пен жеміс-жидектерді барынша мол пайдалану;
  5. Ішімдікті белгіленген мөлшерде ғана пайдалану;
  6. Дене белсенділігін арттыру, семіздіктен сақтану;
  7. Қандағы холестерин құрамын үнемі тексеріп, бақылап отыру;

 

Ұзақ өмір сүргіңіз келсе, осындай маңызды нәрселер есіңізде болсын. Қазақ "ауру батпандап кіріп, мысқылдап шығады" дейді. Дегенмен, әрбір адам өз денсаулығына немқұрайлы қарамай, дұрыс өмір сүру салтын ұстанып, зиянды әдеттерден бойын аулақ ұстап, дәрігерге дер уақытында көрініп тұрса, көптеген дерттің алдын алар еді...

 

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

0 пікір